03 наурыз 2020 15:43 admin

02.03.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   1- наурыз -  Азаматтық қорғаныс күніне орай  «Азаматтық қорғаныс. Мен және төтенше жағдайлар» тақырыбында    І курс студенттері арасында  патриоттық сайыс ұйымдастырылды.

02.03.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   1- наурыз -  Азаматтық қорғаныс күніне орай  «Азаматтық қорғаныс. Мен және төтенше жағдайлар» тақырыбында    І курс студенттері арасында  патриоттық сайыс ұйымдастырылды.  Қауіпсіздік шараларымен, сақтану жолдарымен таныстыру, азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту,  елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу, алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету мақсатында 6 бөлім жасақталып, ЭВТ-19, СЭЗ-19, ФК-19, П-19, ДО-19, НОО-19, А-19, ВТиПО-19 топтары өнер көрсетті. Бөлімдерде төмендегідей бағыттар қамтылды:

1.Саптық элементтер көрсету. Рапорт беру

2.Әр топтың 1 студенті уақыт бойынша газ қағар киюден жарыс

3.Әр топтың 1 студенті уақыт бойынша  автомат шашудан жарыс

4.Алғашқы көмек көрсету. Сұрақ-жауап сайысы

5.Баскетбол добымен кедергілер арқылы өту

6.Скакалкамен  (секіргішпен) кедергілер арасынан өту.

Нәтижесінде,

І орын – П-19 тобы

ІІ орын – ФК-19 тобы

ІІІ орын – ДО-19 тобы

 “Патриоттық  топ” номинациясы – ВТиПО-19 тобы

“Белсенді топ” номинациясы –СЭЗ-19 тобы

“Талантты  топ” номинациясы – ЭВТ-19 тобы

“Дарынды топ” номинациясы – НОО-19 тобы

  Ынталандыру – А-19 тобы