03 наурыз 2020 15:39 admin

02.03.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   «Ерекше жандарға – ерекше алғыс» тақырыбында алғыс айту күні өткізілді.

02.03.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   «Ерекше жандарға – ерекше алғыс» тақырыбында студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқу орнының кіші қызметкерлеріне алғыс айту күні өткізілді. Жастар ісі комитеті мүшелері осы қызметкерлер туралы презентация дайындап, арнау өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Автограф» ойыны ойнатылып, көңілді әндерді тарту етілді. А-19 тобының студенті Жаумитқалиев Данияр:

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..- алғыс айтамыз дей келе, сіздердің тазалыққа жауап беретіндеріңіз үшін көп алғыс деп қорытындылады.