03 наурыз 2020 15:37 admin

«WORLDSKILLS» байқауының колледжішілік кезеңі өтті...

Әр ғасырда қоғамның дамып, алға жылжуына байланысты адамдар да заман талабына сай қоғаммен бірге өсіп, білім алып жетіліп келеді. Әр ғасырдың өз ерекшеліктері мен ауыз толтырып айтарлықтай әсемдігі бар. Мәселен, 17-18 ғасырлар классикалық, жоғары талғамдағы музыканың кеңінен таралған кезі болса, шамамен 18-19 ғасырлар атақты жазушылар мен ақындардың өнерлерінің гүлденген мезгілі. 20 ғасыр технологияларзаманының енді-енді қадам жасап бастаған кезеңі деп есептеймін.

Ал 21 ғасыр өткен ғасыр кезеңдерінің әсемдігі, білімі мен өнерінің шыңдалып, адамзат өмірінде белгілі бір дәрежеге жеткен мезгілі. Қазіргі таңда әр мемлекет және ондағы қоғам мүшелері білім саласы, экономика, туризм секілді көптеген салаларда заман талабына сай келуге тырысады. Ал заманның талабы – алғырлық, бәсекеге қабілеттілік, білімділік, жаңаша ойлай білу қабілеті, жаңашылдық. Осы қасиеттерді дамыту, белгілі бір салада жаңа технологиялар мен әдістерді ойлап шығару мақсатында оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда, тіпті Республика және халықаралық деңгейде әр түрлі шаралар, сайыстар ұйымдастырылады.

Солардың қатарында үздік сайыстардың бірі «WorldSkills» чемпионатын атап өтуге болады. Бұл сайыс 1953 жылы алғаш рет бастау алған және бүгінгі таңда оған 80-нен астам мемлекет қатысуда. «WorldSkills» чемпионатының басты мақсаты жұмысшы мамандықтарына және ондағы кәсіби стандарттардың дамуына назар аудару.  Оның негізгі қызметі – 22 жасқа дейінгі жастардың арасында әр түрлі деңгейдегі сайыстарды ұйымдастырып, өткізу.

Біздің оқу ордамыз да бұл сайысқа жыл сайын кәсіби шеберлігі мол, дарынды студенттерімен қалалық, облыстық сайыстарға қатысып ат салысуда.

Ақпан айының 3-і мен 18-і  аралығында 13құзіреттілік бойынша колледжішілік«WorldSkills» байқауының іріктеу туры өтті. Аталмыш шараға әр түрлі құзіреттіліктер бойынша колледж студенттері белсенді танымдық білдіріп, өз білімін шыңдап көрді. Іріктеу туры «WorldSkills» чемпионатының стандарттарына сай өтті және бағалау СIS жүйесі бойынша орындалды. Өңірлік чемпионатқа қатысушыны анықтау мақсатында әр құзіреттілікке арнайы сарапшылар шақырылды. «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша ең мықты студентті аняқтау  аясында С.Қондыбайұлы атындағы №22 орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Қонырбаева Нұрғаным Аманкосовна, №2 орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Ергарина Жансұлу Салықбайқызы, М.Сеңгірбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып оқытушысы Калменшеева Венера Сайфуллаевна секілді арнайы сарапшылар шақырылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша сарапшы ретінде Рыскалиева Батима Мурабаевна, «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша«Мұнайшы» футбол командасының мүшесі Меделхан Нұрадыр Қисықбайұлы, «Тақтатаспен қаптау» құзыреттілігі бойыншаХ.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің өндіріс шебері Зейнуллин Дәурен Нурмаганбетұлы, «Нұротан» партиясының маманы Қалиасқаров Мадияр, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің өндіріс шебері Тәжібай Асан және Қадір Нұрболат – колледж түлегі, 2019 жыл «WorldSkills» облыстық чемпионатының жүлдегері, Сарсенғалиев Қосбол - колледж түлегі, 2019 жыл «WorldSkills» облыстық чемпионатының жүлдегері, Жеңіс Рысбай - колледж түлегі, 2019 жыл «WorldSkills» облыстық чемпионатының жүлдегері, «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойыншаАҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мекемесінің арнайы маманы Сахауова Лариса секілді мамандар шақырылды. Колледжішілік іріктеу кезеңі өте қарқынды, тартысты өтті, нәтижесінде сарапшылардың бағалары СIS жүйесінде қорытындыланып, облыстық чемпионатқа төмендегі студенттер жолдама алды.

Құзіреттілік атауы

Студенттің аты-жөні

Бастауыш сыныптарда сабақ беру

Аңғалбаева Жайна

Бейнеөндіріс

Гурбанов Берекет

Веб – үлгілеу

Жидко Максим

Графикалық дизайн

Болдырев Михаил

Дене шынықтыру және спорт

Базарбаев Қанат

Желілік және жүйелік басқару

Рыбаков Сергей

Кәсіпкерлік

Қайнарбаева Гулнур

Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды дамыту

Өмірхан Алишер

Кірпішті қалау

Қолдыбаев Бавуржан

Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары

Избасхан Әмірхан

Майлау және безендіру

Теңізбай Жаңғазы

Мектепке дейінгі тәрбие

Түбір Малика

Тақтатаспен қаптау

Абуталипов Саламат

 

Алдағы облыстық чемпионатқа студенттерімізге сәттілік тілеп, мықты деген студент Республикаға жолданады деген үміттеміз!