13 ақпан 2020 18:44 admin

29.01.2020. 9 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен математика пәндері бойынша олимпиада.

      29 қаңтар күні Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  кәсіптік бағдар беру мақсатында қазақ тілі мен математика пәндері бойынша Мұнайлы ауданына қарасты жалпы білім беру ұйымдарының  9 сынып оқушыларына арналған олимпиада өткізілді. Олимпиадаға  №2, №8, №9, №10, №11, №12 жалпы білім беретін  мектептерінің оқушылары қатысты.

      Олимпиаданың салтанатты ашылуында колледж директоры  Каламкалиева А.М. сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларға сәттілік тіледі. Колледждің тарихы мен жетістіктері туралы  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Джакаева Г.Б. айтып өтті. Олимпиада екі кезеңмен өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындардың жеңімпаздарына колледж гранттары берілді.  Атап айтқанда, қазақ тілі пәнінен №9 жалпы білім беретін мектебінің  оқушысы  Балаханова Г.  2020-2021  оқу жылында оқу ақысынан 50 % жеңілдікті, №9 мектеп оқушысы  Дүйсенкалиев С. - 30 % жеңілдікті, №9 мектеп оқушысы  Бисенбаева Г.- 20 % жеңілдікті иеленді. Математика пәні бойынша №8  мектеп оқушысы  Ушкамбаева А. 2020-2021  оқу жылында оқу ақысынан 50 % жеңілдікті, №9 мектеп оқушысы Тукушова Ж. - 30 % жеңілдікті,  №9 мектеп оқушысы  Галеева А. - 20 % жеңілдіктерге ие болды. Белсене қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

Олимпиада соңында мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге колледж ғимаратымен, мамандықтармен танысты, колледж мұражайына саяхат жасады.