11 ақпан 2020 11:47 admin

04.02.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде құқықбұзушылықтың алдын алуда ішкі істер басқармасы өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналысқа 160 студент қамтылды. Полиция майоры Н.А.Рахаев студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында студенттерге ақыл-кеңесін беріп, заң баптарымен таныстырып өтті.  Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұратынын, оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналғанын, әр адам өз құқығын білуге тиіс екенін, тәртіпті бұзған адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігіп, айналасына келеңсіз пікір туғызатынын айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Тәрбиеге әсер беретін, ата-ана тәрбиесі мен өскен орта, отбасының тәрбиесі мықты бекімесе, өскен орта тәрбиесіне тез бейімделетіні анық деп жастарға болған оқиғалардан мысал келтірді.

Колледж инспекторы А.Ұ.Жапақов жалпы рейд кезінде колледждің де, мектептің де жасөспірімдері түнгі мезгілде ұсталып, ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылуда екенін атап өтті.  Сабаққа келмейтін студенттердің инспекторларға тізімі беріліп, тәрбие жұмысының орынбасарларымен үйлеріне іздеп барып, ата-аналарымен әңгімелесу жұмыстары жүргізілетінін, бірнеше рет нәтиже бермей қайталанған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатынын түсіндірді. Студенттер сұрақ қойып, құқық қорғау саласының өкілдері түсіндіре білді. Алдағы уақытта да  студенттер арасында осындай құқықтық сауаттылығын арттыруда жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізілсе, ұсақ құқықбұзушылықтың алдын аламыз деген қорытындыға тоқталды.