11 ақпан 2020 11:45 admin

07.02.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Бұл шараға НОО-19 тобы, ФК-19 тобы, П-19 тобы, А-19 тобы, ВТиПО-19 тобының студенттері қатысты. Мәдени шарада  Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні насихатталып, өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды.  Атап айтсам, НОО-19 тобының студенттері  Бекмурзаева Гүлназ «Есіңде бар жас күнің...», Чимберген Гүлназ «Ауру жүрек соғады ақырын жай», А-19 тобының студенті Кулбаева Дильназ «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. студенттер ұлы ақын шығармаларын нақышына келтіре орындады. Студенттер шара соңында  "Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан..." деген өлең жолдарын әр адам өмірде  өз орнын біліп, мақсат қою арқылы арманына жету керек деп түсіндірді.  «Адам  өз орнын табу үшін қоғамнан алыстамай, сол өмірге белсене араласып, ізденіп, алға қарай ұмтылу керек, мамандық таңдауда  қателеспеген жөн. Біз мамандығымызды жүрек қалауымен таңдадық, сондықтан да теорияны тәжірибемен ұштастырып, студенттік кезді қызықты өткізу жастардың парызы» деп қорытындылады.