10 ақпан 2020 11:34 admin

06.02.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  еріктілерге арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық  және  олардың қазіргі жағдайда  білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» тақырыбындағы әдістемелік құралын басшылыққа алып, еріктілер туралы ақпарат берілді.

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары таныстырылды:

     - Әлеуметтік волонтерлік

     - Экологиялық волонтерлік

     - Спорттық волонтерлік

     - Мәдени волонтерлік

Сонымен қатар еріктілердің құқықтары мен міндеттері таныстырылды.

Колледж студенттеріне  өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге, қоғам игілігі үшін риясыз еңбек етуге ұмтылу, өз өмірін және басқа адамдардың өмірін жақсарту жолдарын анықтай білу, жауапты көшбасшылық және әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да, волонтерлер саны күн сайын көбейіп келеді.