10 ақпан 2020 11:30 admin

07.02.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне орай «Мұқағали Мақатаев-поэзия тұлпары» тақырыбында  поэзия кеші өткізілді.

Поэзия кеші бірнеше бөлімнен тұрды. «Ұшқан ұя» айдарымен  ақынның  туған жері, өскен ортасы туралы П-19 тобының студенті Оразбаева Аружан айтып өтсе, «Білім баспалдақтары» айдарымен П-19 тобының студенті Сабирова Бану білім алған, жұмыс жасаған орындары туралы тоқталды. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Тастемира Динара Бакытовна Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін талдады. «Поэзия минуты» бөлімінде студенттер ақынның шығармаларын жатқа оқыды. Атап айтсам, А-19 тобының студенті Жаумітқалиев Данияр «Ана сен бақыттысың», НОО-19 тобының студенті Ирзабекова Жансая «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, А-18 тобының студенті Бердіқылыш Ринат «Күрсінбе», ФК-17-2 тобының студенті Сүйіндік Еркін «Өкінбеймін», А-19 тобының студенті Айтмурзаева Нұршат «Ғашықпын, мен ғашықпын сол адамға» т.б. студенттер шабытпен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Керимова Гулсайра Керимовна «Қызықты деректер» бөлімі бойынша ақынның жанды даусымен жырларын тыңдатса, «Жыр арнадым, ақынға!» айдары бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Джакаева Гульзира Баженовна «Ақын рухына тағзым» және  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сисекенова Айгул Нұрлыбековна «Мұқағали – дара шың» атты туындыларын оқыды. Кітапхана меңгерушісі Қуанбаева Гульмира Жолжанқызы «Поэзия менімен егіз бе едің..» тақырыбында кітап көрмесімен студенттерді таныстыра отырып, кейбір жырларының мазмұнын түсіндіріп өтті. Поэзия кешінің соңы ақынның «Сәби болғым келеді» өлеңімен аяқталды.