04 ақпан 2020 18:04 admin

Сурет тәжірибесінен үзінді

1418000 «Сәулет» мамандығы A - 18 студенттері колледжде «Сурет» оқу тәжірибесінен өтті. Тәжірибеге берілген сағат саны 36.Теориялық білімді бекіту мен тереңдетуде тәжірибенің пайдасы зор. Сонымен қатар тәжірибе студенттерді өз бетінше жұмыс жасап, атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды үйретеді.Сурет тәжірибесінің мақсаты студенттерге сурет салуды үйретіп қана қоймай, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттырып, еркін ойлап, белсенділіктерін арттыруға бағытталған. Жалпы сурет өнері дегеніміз – бейнелеу өнерінің  ең маңызды бір бөлшегі. Сурет салу адамға айналадағы әдемілікті, әсемдікті көруге мүмкіндік береді. Сурет салу кезінде  адам қоршаған ортаны терең бақылай түседі, көргендеріне ойша талдау жасап, айналадағы болып жатқан құбылысты  терең сезініп, қабылдай бастайды, содан соң қағаз бетіне түсіреді. Сурет салу арқылы суретшінің жаны жадырап, басқа бір әлемде жүргендей сезімде болады. Әрбір суретші өз шығармасында қиялындағы ғажайыпты, өз әлемін қағаз бетіне түсіруге тырысады. Мүмкін сондықтан да, болар кейбір жандардың сурет көрмесіне барып, ондағы суреттерді бірден түсінбеуі. Біз сурет тәжірибесі кезінде тәжірибемізді колледж ішінде өткізіп қана қоймай, суретшілердің шығармашылығымен танысу үшін сурет көрмесіне бардық, қаланың әдемі жерлерін аралап, табиғатта сурет салдық. Бұл дегеніміз студенттердің бойында сурет салу шеберлігін меңгертіп қана қоймай, оны көркем көре білу қабілеті мен  өз суреттері арқылы бере білуге үйрету.

 

Бірақ студенттердің барлығы бірдей қабілетті бола бермейді. Дегенмен биік дәрежеге жету 1% талантпен, 99% еңбектің күшімен, тынымсыз жаттығу нәтижесінде келетіндігі белгілі.

Бұдан шығатын қорытынды бала бойында сурет салудың алғышарттарын, яғни бірқатар дағды мен шеберлікті қалыптастыру керек. Сурет тәжірибесі кезінде өзінің еңбекқорлығымен, табандылығымен алдыңғы қатарда көрінген студенттер де аз емес. Мәселен, Бердімұратова Әлкен, Аронова Іңкәр, Исатаева Аяжан, Қайыпбергенова Айнұр сынды студенттерді айрықша айтуға болады.

  

Студенттердің  «Жаңа  жылдық» мерекеге  орай  ұйымдастырылған  көрмедегі жұмыстары

Студенттер сурет тәжірибесі кезінде көптеген  жаңа нәрселермен хабардар болып, сурет салудың техникаларымен  танысты. Шығармашылықтарын шыңдап, қарапайым нәрсенің өзінен әдемілікті көруді үйренді.Сонымен қатар, ең алдымен сурет салу шыдамдылықты талап етеді. Студенттер де суретке деген қызығушылықтары артқан сайын,  жұмыстарының нәтижесін көру үшін шыдамды болуды үйренді.

 

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің арнайы пән оқытушысы Жарылғасова Г.