04 ақпан 2020 17:55 admin

«Мобильдік робототехника» құзіреттілігі бойынша курс ұйымдастырылды

Х.Өзбекгалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің IT орталығында «WorldSkills» стандартына сәйкес  «Мобильдік робототехника»құзіреттілігі бойынша  2020 жылдың қаңтар айының 16 мен 25-і аралығында біліктілікті арттыру курсын Алматы қаласының DOSTI инновациялық центрінің тренерлері және бас сарапшылары Хизметов П.,Вафаев Л  курс өткізді.Курстың алғашқы күндері  «WorldSkills»тарихы, құзыреттіліктер, оларға қойылатын талаптармен таныстырып,түсіндірді.Теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында  «Мобильдік робототехника» құзыреттілігіне қажетті құрал саймандармен таныстырды.Роботты құрастырып, қажетті құрылғыларын   Arduino платасына жалғап, C++ бағдарламасына   алгоритмдерді дұрыс іске қосуды және жазу үлгісіноқытты. Курс қорытындысы бойынша арнайы сертификаттар табысталды.