31 қаңтар 2020 15:25 admin

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...»

29.01.2020ж. Қабиболла Сыдиықов  атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» атты поэзия сағатына  оқытушы А.Ұ.Оспанова және колледж студенттері қатысты.

Студенттерге Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ұғыну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, дүниетанымын  қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіру, ұлы ақын  көтерген өзекті мәселелер тағылымынан үлгі алып, жастардың  азаматтық бейнесін қалыптастыру мақсатында  өткізілген  мәдени шараға колледж студенттері белсене қатысты. А-19 тобының студенттері Даулет Жансерік пен Мұхаметжан Назгүл жүргізуші болса, НОО-19 тобының студенттері Ирзабекова Жансая, Жұмабаева Айдана, Чимберген Гулназ, Алиева Арайлым, Бекмурзаева Гулназ және А-19 тобының студенті Кулбаева Дильназ ұлы ақын жырларынан мәнерлеп өлең оқып, көрерменді сусындатса, Абай аталарының  көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -  №16 қара сөзін Мұхамеджан Назгул, №19 қара сөзін Мамай Мейрамгул, №17 қара сөзін Жауметқалиев Данияр, №1 қара сөзін  Файзулла Путин, №7 қара сөзін Абубакирова Гулдана оқыды. Іс-шара соңында ДО-19 тобының студенті Сауытова Майра «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре шырқады.

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» десе,  біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймыз. Әрі қара Абай жырларына сусындауды жалғастыра береміз.