23 қаңтар 2020 17:31 admin

23.01.2020ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжі студенттері арасында   волонтерлер жылын қолдау мақсатында жиналыс өткізілді.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызметі туралы» заңында көрсетілген  еріктілердің міндеттері, волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері туралы студенттерге ДТІЖО Г.Б.Джакаева және ЖІК басшысы А.Е.Калданова түсіндіріп өтті.  Сонымен қатар, жеке тұлғаларға, кәсіпорын компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін – өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қайырымдылық жасау еріктілердің қызметі екенін айтып өтті. «Жастар жылының» жалғасы ретінде басталған волонтерлер жылында оқу орны студенттері  игі бастаманы қолдап, өз ойларын ортаға салды.  Қазіргі таңда  еріктілер қатары 45  студентке толықты. Жалпы студенттеріміз 2018 жылдан бері «Волонтерлар корпусының» қатарында жүріп өздерінің  ұйымдастырушылық қабілетін  шыңдап, жастар арасында жас көшбасшы ретінде өздерін көрсете білді.  Республикалық, аймақтық, қалалық деңгейлерде өткізілген үлкен іс-шараларға белсене қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсам, 2019 жылдың желтоқсан айында «Бекен» жас көшбасшылар достастығымен Маңғыстау облысының  жастар ресурстық орталығының әлеуметтік серіктестігі аясында құрылған «Волонтерлер корпусы» жастар тобының 2 жылдық мерей тойында ЭРМТ-16 тобының студенті Ержан Манарбек  «Көшбасшы волонтер» номинациясымен, ЭВТ-17  тобының студенті  Абугалиев Асхат «Көшбасшы волонтер» номинациясымен, П-17-2 тобының студенті Кульчигаев Өнер «Үздік координатор» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ, Ақтау қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Жастар сыйлығы - 2019» жастар премиясының  «Жас ерікті» номинациясын    П-17-1 тобының студенті Кульчегаев Өнер жеңіп алды. Осындай көшбасшы студенттері бар Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің жастарының алда әлі алар асулары көп.