Студенттер шығармашылығы


 

 

ЭВТ-19 тобының студенті Бақыт Бекзат

 

 

 

 

Ұлы ақын қазағымның данасы

Ұлы ақын қазағымның данасы,

Абай атам – ақылдылар ағасы.

Абай атам – ең керемет ақын ғой,

Қазағына бұйырған бір дарасы.

Өлеңдерін өрнектеген сөзбенен,

Қара сөзін тәрбиелі ел білген.

Зере әже өсиет айтып  өсірген,

Ұлжан ана ертегімен нәр берген.

Әр сөзіңнің  мағынасы шежіре,

Әр өлеңді оқимыз біз тебірене.

Қазағымның бас ақыны Ұлы Абай,

Қалдырды ғой мол қазына еліне.

   


   

 П-19 тобының студенті Сабирова Бану

     

 

 

 

Қазақтың бас ақыны -  ұлы Абай

Құнанбайұлы ұлы Абай ғажеп тұлға,

Ұлтым деп, қазағым деп жүрген алға.

Өлеңінде тереңінен ой қозғайтын,

Қайталанбас теңеу көп сонша жырда.

Қазақтың бас ақыны ұлы Абай,

Өлеңінен өнеге алдым талай.

Алланың қазағына берген сыйы,

Жетелеп жас ұрпағын алға қарай.

Өнер, білім, ғылымға көңіл бөлген.

Қара сөзді найзамен түйреп өрген.

Бес дұшпан мен бес асыл істі айқын,

Бар әлемге жариялап көрсете білген.

 


 

  

НОО-19 тобының студенті  Джумабаева Айдана

 

 

 

 

Абайға арнау

Әрбір сөзін, әр өлеңін Абайдың

Тәрбиенің ордасы деп санаймын.

Құлаш сермеп ғылым менен ілімге,

Мұраларың таусылмайтын мол айдын.

Қалың елін, қазағын, қайран жұртын

Армандап ел-халықтың азат таңын.

Жастарды надандықтан аулақ бол деп,

Ойлап кеткен атамыз қазақ қамын.

Дария жыр, қара сөзі айтылмай жай,

Өсиет, ақыл-кеңес, иманға бай.

Кірпіш болып дүниеге қалан дейді,

Тағылым ала алмайсың бұдан қалай.


 

   

НОО-19 тобының студенті Алиева Арайлым

 

 

 

 

 

Абай – бұл ұлы ақыны қазақтың

Абай – бұл ұлы ақыны қазақтың,

Өлеңдері көркем еді ғажап тым.

Әр сөзді  бейбіт елге арнап едің,

Келді бүгін сол баяғы азат күн.

Үлес қостың халқыңның дамуына,

Жастардың алау болып жануына.

Сүйсініп салт-дәстүрді жырға қостың,

Жол бермей жаман қылық алуына.

Қарап өсер сенің соқпақ жолыңа,

Тәуелсіз ел қадам басты оңына.

Әуезовтің «Абай жолы» романын,

Әр бір қазақ ту ғып ұстар қолына.


 

   

НОО-19 тобының студенті Ирзабекова Жансая

 

 

 

 

Ақын Абай атамыз!

Жатқа айтып беремін, Абай ата өлеңін.

Ол - асқар тау биігім, ол – шалқар көл тереңім.

Қазақтың ірі тұлға, бір туары,

Абай десе ерекше жыр туады.

Қалдырған өсиетті сөздерінен,

Таралады ақылдың күн шуағы.

Ақын болса Абайдай болу керек,

Ақыл  тілі орамды сонда демек.

Өлеңнің нәр бұлағы кім десе егер

Ойланбастан бәріміз Абай дер ек.

 


 

   

ФК-19 тобының студенті Ақбергенов Мақсат

 

 

 

 

Ойдан емес жүрекпенен айтылған...

Ұлы Абай бұра білген сөз арнасын,

Әр сөзі тауып тұрді өз жалғасын.

Жүрекке жеткен сөзде мән болады,

Ойдан емес тереңнен айтылғасын.

Мол мұрасы алтыннан да ардақты,

Ойы жүйрік, көңіл ұшқыр тармақты.

Нұрлы ақыл, жылы жүрек, қайратты,

Қазағының бойынан ол таңдатты.

Жас ұрпаққа арта білген сенімін,

Қамын ойлап болашағын, елінің.

Ғылым, білім жолында ол күресті,

Ұлан байтақ Қазақстан жерінің.

Қара сөздің халқым үшін мәні бар,

Ұлы ақынның тамылжыған әні бар.

Өмірден ол көп мехнат көрсе де,

Жырларының сусындатар сәні бар.

Абай ата жырлаған өмір жайын,

Соққы  менен  жұбаныш көңіл жайын.

Әр өлеңін оқысақ көз жүгіртіп,

Қазақ үшін қам жеген, қайғы уайым.

Ойым бар өзгермейді мүлде менің,

Өзгертуге келмейді бір себебім.

Абайша оңашада ізденемін,

Жүректен шығу керек  сөз дегенің.

 


 

   

ДО-17 тобының студенті Үкібаева Жазира

 

 

 

 

Дарасың сен, данасың сен ұлы Абай

Дарасың сен, данасың сен ұлы Абай,

Жүріп едің биік тақтан құламай.

Сенің жазған әрбір қара сөздерің,

Жүрегімде орын алып тұрады-ай.

Бір алласыз жазбадың өміріңде,

Хакім Абай атандың тірі күнде,

Иманды халық болсын деген ниет,

Санасынан өшірмес әрбір пенде.

Ақ қағазбен сияны ермек қылған.

Жақсылық пен жамандықты көрмек қылған.

Жасай берсін қазақтың ұлы Абайы,

Қазағымның қамы үшін терлеп тынған.

Көзіңнің қараларын тербеп келем,

Сенің жазған сөзіңмен өрлеп келем.

Абай ата сусындадық жырыңменен,

Әлі оқимыз тереңнен шөлдеп келем.

Өлең сөздің патшасы деп баяндаған,

Қажымаған еңбегіне қайран қалам.

Жасыңда ғылым бар деп ескертеді,

Үлгі айтты жастарға қайран бабам.

Өзің едің қазақтың шоқ жұлдызы,

Шығарған надандықтан қазақ ізі.

Мақтан етем, үлгі тұтам бір өзіңді,

Қазақ үшін жасалған әрбір ісі.

Өлең жырдың бастамасы қаланған,

Өлеңдрі күллі әлемге таралған.

Мен де бір кірпіш мына тұрған дүниеге,

Орын алып, кетігін тапсам бар арман.

Хабарландыру

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау