Жатақханаға орналасу ережесі


ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің жатақханаға орналасқан студенттерінің ішкі тәртіп ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Жатақхананың ішкі ережелері оқу орнының әкімшілігімен құрылған және ол жатақхананың барлық тұрғындарына қатысты.

2. Ішкі тәртіп ережелері жатақхананың алдағы тәртіптерін нығайтуға ықпал етеді.

3. Жатақхана студенттердің оқу кезінде уақытша тұрғылықты орны болып табылады.

4. Жатақхана бөлмелері керекті жиһаздармен және қажетті құралдармен жабдықталған.

5. Жатақхананың және тұрмыстық бөлмелердің күн тәртібін оқу орнының әкімшілігі анықтайды.

 

 2. Жатақханаға кіру және шығу тәртібі

1. Жатақханаға кіру әкімшілікпен арнайы берілген рұқсатнамамен жүзеге асырылады.

2. Жатақханаға орналасу үшін студенттер медициналық байқаудан өтеді.

3. Орналасқаннан кейін орналасушы жатақхананың ішкі ережелерімен, келісім-шарттарымен танысып, оған қол қояды.

4. Жатақханаға орналасушы электроқұралдарды, тұрмыстық техникаларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережелерімен және тұру нормаларын комендант таныстырады.  Жатақханаға орналасушы техника қауіпсіздік ережесі журналына тіркелу керек.

5. Жатақхананың тұрғындары әкімшіліктің шешімінсіз бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға болмайды.

6. Оқудан шығарылған жағдайда әкімшіліктің шешімі бойынша, шығару бұйрығы шыққан соң 3 күн ішінде жатақхананы босатуы тиіс.

7. Оқуды аяқтап, қолына диплом алған кейін студент жатақхананы бір күн ішінде босатады.

8. Жазғы демалыс және тәжірибе кезінде тұрғындар бөлмені, алынған төсек орынды комендантқа тапсырып, жатақхананы босатады.

9. Тұрушылар тұру тәртібін бұзу, лайықсыз тәртіп фактілерін жіберу түрінде құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда келісімшартта қарастырылған тәртіп бойынша жатақханадан шығарылады.

 

3.  Жатақхана тұрғындарының құқығы мен міндеттері

Тұрушы өзіне мына құқықтарды алады:

- жатақхананың жүйеленген тұру тәртібін орындау;

- берілген бөлме мен ондағы құралдар мен жалпы қолдану орындарын, бөлмені ұқыпты және санитарлық үлгіге сай ұстау;

- жатақхананың кеңесін сайлау және оның құрамына кіруге міндетті.

 

4. Жатақханада тұрушы міндетті:

- жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтануға;

- бөлмесіне, жабдықтарына дұрыс қарау және электр энергияны, суды үнемдеуге;

- кестеге сәйкес күн сайын жатақхананың тұрғын жайларын, қажет болған жағдайда жатақхананың айналасын жинау;

- мәдени шараларға қатысу және оларды ұйымдастыруға белсене араласу;

- өзінің жеке мүлкін сақтауға;

- жатақхана ақысын келісімшартта көрсетілген уақыт бойынша төлеу;

- жатақханада орналасушылар сағат 21-00-де өз бөлмелерінде болуы тиіс.

- жатақханадан ұзақ мерзімге кету кезінде (ауырып қалу, демалыс) вахтерларға ескертіп, құнды заттарды тапсырып кету.

 

5. Жатақхананың тұрғындарына тыйым салынады:

- жатақхананың тізімінде жоқ студенттерді, ата – анасын, туыстарын рұқсатсыз кіргізуге, бір түнге қондыруға;

- алкогольді ішімдікке ;

- басқа бөлмелерге коменданттың рұқсатынсыз көшпеу;

- қоғамдық орындарда темекі тартуға;

- бөлмеде ит, мысықтарды басқа жануарларды ұстауға;

- терезеден қоқыстарды лақтыруға;

- терезеге заттарды және сөмкелерді ілуге;

- музыкалық аспаптарды қатты қоюға;

- 22.00-ден 07.00-ге дейін ән салуға, радиоқабылдағыштарды, теледидарды қатты қосуға және тұрғындар демалысына бөгет жасауға тыйым салынады;

- әкімшіліктің рұқсатынсыз дискотека құруға;

- өз қалауымен бөлмелердің  кілттерін ауыстыруға болмайды.

          

6. Алғыстар:

егер жатақхананың ішкі ержелерін сақтап, мәдени шараларға қатысып, жатақхананың жақсаруына ат салысса әкімшілік тарапынан алғыс жарияланады немесе сыйлықтар табыс етіледі.

 

7. Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін төмендегідей жазалар қолданылады:

ескерту;

- сөгіс;

- жатақханадан шығарылу.

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау