Қабылдау ережесі


ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне

2018-2019 оқу жылына арналған талапкерлерді қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі -  Заң) сәйкес ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  (бұдан әрі – колледж) оқуға қабылдау тәртібі осы ереже бойынша іске асырылады.

2. Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға  квота көзделеді:

  • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін -1,0%;
  • Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
  • Ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2%;
  • жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 %;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру мекемесі  белгілейді.

Колледж 2018-2019 оқу жылында оқуға осы Ереженің  №1-қосымшасына сәйкес  мамандықтар бойынша  қабылдайды.

 

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске

асыратын ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру

5. Колледжге тұлғалардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж басшысы  жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы,  жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

6. Колледждің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе колледждің веб сайтында (www.college.bolashak.org) жариялау арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.

8. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша:

  • оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
  • оқудың кешкі және сырттай нысандарына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – Сенбі

09.00 – 18.30 сағ.   Үзіліс 13.00 -14.30 сағ.

Жексенбі – демалыс

9. Колледжге оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І, ІІ топтағы мүгедектер және бала жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар  құжатты ұсынады:

    1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

    3) босқын - босқынның куәлігі;

    4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

    5) оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан  бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

10. Осы  Ереженің 1 - қосымшаларына сәйкес Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша:    

    1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

    2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер - негізгі орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

    3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

    4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

11. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж белгілейді.

12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

    1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының)  саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;  тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат  15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері  өткізілген күні хабарланады.

    2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.

13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және емтихан тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға  шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері  хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

15. Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледж  жүргізген емтихан нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес  баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
    1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
    2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.        

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

    1) күндізгі оқу нысанына  - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

    2) оқудың кешкі және сырттай нысанына -  15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар № 130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске  асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» қаулысына енгізілген  өзгерістер  негізінде жасақталды және колледждің 03 сәуір 2018 жылғы №2 қабылдау комиссиясы отырысында қаралды.

                  Қосымша №1

                                                                                                               

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің 2018-2019 оқу жылының қабылдау емтихандарының тізімі

 

Код

Мамандықтар атауы

Бейіндік пәндер атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

0100000 -  Білім

0105000

Бастауыш жалпы білім беру

Математика

Математика

0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

0101000

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

0101013 Мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешісі

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

1 шығарма-шылық емтихан

1 шығарма-шылық емтихан

0103023 Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі

0200000 – Құқық

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

0201023 Құқықтану

0500000 -  Қызмет көрсету, экономика және басқару

0510000 

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану  (салалар бойынша және қолдану облыстары бойынша)

Әдебиет (оқу тіліне байланысты)

Орыс және қазақ тілі

0510023 Іс қағаздарын жүргізу

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

Математика

0518023 «Бухгалтер-ревизор» (аудитор)

0515012 Бухгалтер - Әңгімелесу

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

Математика

0519023 Бухгалтер

0512000

Аудармашы ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

Шетел тілі

0512013 Аудармашы

0800000 – Мұнай, газ және химия өндірісі

0809000

Мұнай және газ кенорындарын пайдалану (бейін бойынша)

Математика

Математика

0809223 Техник-технолог

0807000

Мұнай және газ кәсіпшілігінің техникалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету

Математика

Математика

0807033 Техник-механик

0801000

Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы (бейін бойынша)

Математика

Математика

0801143 Техник-технолог

1100000 – Көлік (салалар бойынша)

1107000

Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша)

Математика

Математика

1107043 Техник-электромеханик

1103000

Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету

Математика

Математика

1103173 Құрылысша-техник

1103132 «Кеме жөндеуші-дәнекерлеуші»

Әңгімелесу

-

1104000

Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы

Математика

Математика

1104043 Электромеханик (кемедегі)

1114000

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1114063 Техник-механик

1200000 – Өндіріс, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша)

Көлікті пайдалану

1204000

Су көлікті пайдалану (профилі бойынша)

Математика

Математика

1204103 Кеме жүргізуші техник

1204012 «Матрос» (теңіз және балық аулау флоты)

Әңгімелесу

-

1203000

Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

Математика

Математика

1203093 Тасымалдауды ұйымдастырушы техник

1300000  - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар.

Электрондық техника

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1304043 Техник-бағдарламашы
1304012 Электрондық есептеу машиналарының операторы Әңгімелесу -
1304022 Байланыс құрастырушысы-кабельші Әңгімелесу -

1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

1401000 

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Математика

Математика

1401213 Құрылыс-технигі

1401242 Кең көлемді құрылыс шебері

Әңгімелесу

Әңгімелесу

1418000

Сәулет

2-шығармашылық емтихан

2-шығармашылық емтихан

1418023 Техник-жобалаушы

1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария мен экология

1514000

Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша)

Математика

Химия

1514093 Эколог

 

 

 

 

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау