Мамандықтар туралы ақпарат


1401000  «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

Біліктілігі: 1401213  «Құрылыс технигі»

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді

Құрылыс технигінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Жобаланған сызу мен сызба геометрияның амал – тәсілдері, қағидаларын практикада қолдану;  
  • Негізгі электротехниканы білу және ғимаратты электрмен жабдықтаудың негізгі есептерін жасау;
  • Құрылыс материалдары менбұйымдарының қолданылу аясы мен негізгі қасиеттері жайлы білімдерін практикада қолдану және оларды қабылдау мен қоймаға сақтау ережелерін, шығынды үнемдеу бойынша қойылатын талаптарды білу;
  • Техникалық жәнетарифтікнорма негіздерін, жобалық – сметалық құжаттарды бекіту мен келісу, жасалу тәртібі, құрамы жайлы білімін практикада қолдану;
  • Құрылыс ұйымдарының (мекемелерінің) қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жайлы білу;
  • Құрылыс ұйымдарын басқару негіздерін білу;
  • аркетинг стратегиясы мен тактикасын білу;
  • Құрылыс сызбаларын жасау міндеттерін шешуде нормативтік құжаттарды қолдану;
  • Құрылыс сызбаларын қолмен және компьютерлік графикамен жасау;
  • Нақты жағдайда қолдануүшінқұрылыс материалдары мен бұйымдарын техникалық жәнеэкономикалық жағынан негізделген таңдау жасау;
  • Жұмыс өндірісінде наряд жасау, бригаданың алатын жалақысын есептеп шығару,  бөлу;
  • Құрылыс ұйымының экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін есептеу;
  • Нарық жайлы мәліметтерді пайдалану, тауар атауларын, тауар қозғалысы мен өтімін анықтау.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін:  2 жыл  6 ай;

                 9 сыныптан кейін:  3 жыл  6 ай.

 

0518000 «Есеп және аудит»

Біліктілігі: 0518023 "Бухгалтер-ревизор"

Бухгалтер - маман иесі өз кәсіби біліміне сүйене отырып активтер, міндеттемелер, капитал, ақша айналымы, табыс және шығын, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі туралы деректерді басқару үшін құрылымын, анализ және активтерді басқаруды қолдануды қамтамасыз ету. Осы арқылы тұрмыстық субъекттердің экономикалық потенциалын қолдануды,  олардың қаржылық және экономикалық байланыстарын тиімді ұйымдастыруды, физикалық және заңды тұлғалардың жеке, экономикалық мүдделерін қорғауға қолғабыс жасауды жақсартуға үлесін тигізеді.

Бухгалтер-ревизордың кәсіптік құзіреттілігі:

  • Бухгалтерлік есепке алудың есебінде келіп түсетін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың,  ұйымдармен, бюджетпен, физикалық тұлғалармен есеп айырысулар мен шет ел валютасының есептеулерінің шынайлылығын, олардың қозғалысымен байланысты бухгалтерлік есептің есептеулерінің уақытылы көрсетілгенін бақылау;
  • Мүлік, міндеттемелер, ұйымдар, бюджет, физикалық тұлғалармен есеп айырысу, шет ел валютасы операциясының бухгалтерлік есебін жүргізуі бойынша ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің ривизияларын жоспарлау және жүргізе білу, сондай-ақ арнайы тапсырмалар бойынша тексерулер жүргізу;
  • Бастапқы есептік құжаттардың негізінде есептеулерді құру, ұйымдардың бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есеп пен түгендеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бақылау;
  • Ұйымдардың қаржы экономикалық талдауының әдістерін, есептеуіш техника мен ақпараттық жүйені, еңбекті ұйымдастыру және басқаруды пайдалану ережелерін білу және қолдана білу;
  • Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын қолдана білу;
  • Анықталған кемшіліктер мен қателіктерді жою ұшін бақылау тексерулерін жүргізу.
  • Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялар мен есеп берушіліктің (қаржылай, салықтық) бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жұмысында қолдана білу.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 1 жыл 10 ай;

                 9 сыныптан кейін:     2жыл  10 ай.

 

0201000 «Құқықтану»

Біліктілігі: 0201023 "Кеңесші заңгер"

Құқықтану - арнаулы қоғамдық білімдер саласы. Бұл білімдер шегінде және осы білімдер арқылы мемлекеттік-құқықтық өмір шындығы теориялық-қолданбалы тұрғыдан игеріледі. Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты. Құқықтану ғылыми топшылауларда, ұғымдарда (болжамдар, теориялар, тұжырымдамалар) көрініс тапты. Құқықтанудың теориялық-қолданбалы сипатына қарай оның мазмұнына ғылыми топшылаулар негізінде тұжырымдалып, құзырлы құқық шығарушы және құқық қолданушы органдарға, құқықтық тәрбиемен айналысатын ұйымдарға, азаматтарға жолданған ұсыныстар мен кепілдемелер, сондай-ақ көпшілікке арналып, оқулықта көрініс тапқан ғылыми материалдар да енгізілген.

Кеңесші заңгердің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Салалық заң ғылымының жалпы ережелерін білу;
  • Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға әр түрлі құқық құжаттарын рәсімдеуге құқықтық көмек көрсету;
  • Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне құқықтың жұмыста әдістемелік көмек көрсету;
  • Азаматтық құқықтық шарттарды, азаматтық процесссуалдық және нотариалдық құжаттарды құрастыру әдістерін меңгеру;
  • Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс тәсілдерін жетілдіру.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 1 жыл 10 ай;

                 9 сыныптан кейін:     2 жыл  10 ай.

 

0519000 «Экономика»

Біліктілігі: 0519023 "Экономист"

Экономика - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономистің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Ұйымның  экономикалық қызметін іске асыру бойынша жұмыстарды орындайды;
  • Материалдық, еңбек және қаржы шығындары бойынша есептеулерді орындайды ;
  • Ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасайды, өндіріс резервтерін анықтайды, экономикалық режимді қамтамасыз ету, өндірістің рентабельдігін және еңбек өнімділігін жоғарылату, өнімдерді өндіру және тарату бойынша шығындарды төмендету, жоғалтулар мен өнімсіз шығындарды жою, сондай-ақ өнімді қосымша шығару мүмкіндіктерін анықтау үшін шараларды дайындайды;
  • Еңбекті және өндірісті экономикалық тиімді ұйымдастыруды, жаңа техника мен технологияларды енгізуді, рационалды ұсыныстар мен өнертабыстарды анықтайды;
  • Дайындалған өндірістік –шаруашылық жоспарларды қарасуға, ресурс жинақтау, жоспарлы және есеп жүргізу құжаттарын енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысады;
  • Маркетингтік зерттеулерді жүргізуге және өндірістің дамуына болжам жасауға қатысады;
  • Ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне экономикалық есеп жүргізеді, сондай-ақ жасалған келісімшарттарға есеп жүргізеді;
  • Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі нәтижелері туралы бекітілген есептеу, есеп беру құжаттарын жүргізеді ;
  • ҚР қаржы –экономикалық қызмет мәселелерін реттейтін заңнамалар мен нормативті-құқықтық актілерді кәсіби түрде қолданады.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 1 жыл 10 ай;

                 9 сыныптан кейін:    2жыл  10 ай.

 

0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 "Бастауыш білім беру мұғалімі"

Бастауыш білім беру - білім беру жүйесінің алғашқы сатысында меңгертілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы. Бастауыш білім беру сатысында оқушы әріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді. Бастауыш білім беру кезеңінде оқушы алғашқы ғылыми мәліметтерді ұғуға ынталанып, қажетті дағдыларды игереді, ойлау қабілеті мен танымы қалыптасады.

Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу;
  • Оқу бағдарламалық құжаттарын жасақтау, негіздерін меңгерту, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;
  • Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;
  • Оқу ақпараттарын модульдеу әдістерін маңгеру;
  • Сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңеру;
  • Мақсат пен міндеттерді анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамыта білу;
  • Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру;
  • Топ жетекшісінің қызметін, жұмыс мазмұнын, білім алушылар ұжымының диагоностикалау әдісін білу;
  • Оқу бағдараламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу- әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;
  • Ақпараттық –оқыту ортасын құрастыра білу;
  • Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау)  әдістерін меңгеру;
  • Оқу сапасының моноторингін жүргізе білу.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін:  2 жыл 6 ай;

                  9 сыныптан кейін:  3жыл  6 ай.

                                                       

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Біліктілігі: 0101013 "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі"

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - білімнің  алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білімнен басталады. Олай болса, балабақша тәрбиешісі болу – кез келген өнер сияқты көп қырлы және қызық еңбек. Балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз, ойын кезіндегі жолдасы, жан-дүниеңді түсінетін жақын адам. Тәрбиеші дегеніміз – балалардың ақыл сұрап баратын данасы, ересек досы.

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, психологияны, жасерекшелік физиологиясын, гигиена және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу және қолдану;
  • Қарым-қатынас этикасын, балалардың психологиялық, анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін экстремалды жағдайларда әрекет ету тәртібін білу;
  • Тәрбие беру жұмысының фукциялары мен мазмұнын, балар ұжымын диагностикалаудың әдістерін білу;
  • Пәндерді оқыту әдістемелерін меңгеру, тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдіс тәсілдерін құралдары мен нысандарын қолдану;
  • Балалардың танымдық және ақыл-ой қабілеттерін дамыту, оқу іс –әрекетін қалыптастыру;
  • Балаларда эстетикалық қабылдау мен пайымдауларын қалыптастыру, көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Балаларды мәдени гигиеналық дағдыларға үйрету және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелеу, шаруашылық – тұрмыстық еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;
  • Балаларда қоршаған ортаның қарапайым құбылыстары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, танымдық психикалық процестерін дамыту;
  • Режимдік процесстерді және оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту;
  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау;
  • Баланы эстетикалық дамытудың тәсілдерін меңгеру, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге үйрету, баланың бос уақытын театрға, киноға, музейлерге жорықтар және т.б.ұйымдастыру. Музыка, этика, және эстетика, бейнелеу өнерін оқыту ;
  • Әр түрлі жастағы балаларға арналған, олардың қабілетін дамытатын үстелүстілік, дидактикалық компьютерлік, интелектуалдық ойындарды ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. 

Мерзімі:     11 сыныптан кейін:  2 жыл 10 ай;

                    9  сыныптан кейін:  3жыл  10 ай.  

 

 

1103000 «Кеме жасау машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету»

Біліктілігі: 1103173 "Құрылысшы техник"

Құрылысшы техник - кеме құрылыс материалдары мен конструкцияларын алу және оны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; кеме техникасының ұтымды пайдаланылуын қадағалап, команда мүшелерімен жұмысты жоспарлап, электр станциялары, көлік құралдары, кеме жобасы жұмысымен сәйкес операцияларды айқындап, нормативтік құқықтық талаптарды және обьектілердің шарттары мен құжаттарын реттейді.

 

Құрылысшы техниктің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Дәнекерлеу тәсілі мен дәнекерлеу жігіне таңдау жүргізу.

  • Нормативтік құжат талаптарын өнім мен процесс түрлеріне қолдану.

  • Кеме құрылғылары мен жүйелерінің негізгі элементттерін есептеу.

  • Жобалау –конструкторлық және технологиялық құжаттама дайындау.

  • Қолданбалы бағдарлама пакетін қолдану.

  • Жұмыс істеп жатқандарды және халықты төтенше жағдайлардың теріс әдістерін қорғау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу.

  • Экобиоқорғаныстық және өртке қарсы техниканы қолдану.

Мерзімі: 11 сыныптан кейін:  2 жыл 10 ай;

                9 сыныптан кейін: 3жыл 10 ай.

 

1514000 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» (салалар бойынша)

Біліктілігі: 1514093 "Эколог"

Эколог - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердіңпопуляциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

 

Экологтың кәсіптік құзіреттілігі:

  • Қалалық шоғырландыру аумақтарын, ауыл шаруашылық пайдаланатын жерлерді, тау кен аудандарын оқып білгенде экогеохимиялық әдістемесі мен технологиясын білу;

  • Геолого-экологиялық зерттеулердің негіздерін игеру;

  • Белгіленген біліктілік деңгейіне сай құзыреттерді игеру;

  • Табиғи орта жағдайын талдау үшін қазіргі заманға сай жабдықтар мен аспаптарды білу;

  • Өлшеу нәтижелерінің тапсыру тәртібін білу;

  • Нормативтік құжаттамалар, қоршаған ортаны бақылау бағдарламаларына сай бақылауды жүргізуді ұйымдастыру;

  • Кәсіпорынның экологиялық паспортын құрастыру;

  • Геоэкологиялық карталар мен қималарды құрастыру;

  • Геолого-экологиялық бақылаулардың құжаттарын рәсімдеу;

  • Әр түрлі сынамаларды талдау нәтижелерін өңдеу мен ластау көмегін көрсету дағдыларын игеру;

  • ПДВ және ПДС есептеу әдістерін білу;

  • Ластану көздерін түгендеуді жүргізу;

  • Атмосфера, су ресустары, жер қойнауы, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемін, әрекеттегі заңнамалық актілерді қолдана отырып, қорғау мен тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

Біліктілігі: 0103023 "Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі"

Дене тәрбиесі қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қаблеттерін дамыту мен саулығын нығайтуға бағытталған әлеументтік қызметтерің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайданалатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.

 

Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Білім алушылардың психологиялық, автомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша арнайы кәсіптік білімді, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу –әдістемелік кешенді қодана білу.

  • Дене тәрбиесін оқыту әдістемесін меңгеру.

  • Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың, жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т.б.жылжу әдістерін білу.

  • Төрешілікті жүзеге асыру, спортттық секцияларды, сыныптан тыс сабақтарды, жарыстарды, сабақты жоспарлай және өткізе білу.

  • Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтай, мұғалімнің білім алушылардың қызметін жобалай, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін дамыта білу .

  • Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.

  • Топ жетекшісінің қызметін, тәрбие жұмысы мазмұнын, әр жастағы ұжымды диагностикалау әдісін білу .

  • Оқу- бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінен мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.

  • Тұрғылықты жерлері бойынша балалармен, жасөспірімдермен, тұрғындармен мәдени көпшілік, спорттық сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

  • Дене тәрбиесі мұғалімі мен оқушының партфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.

  • Оқу сапасының моноторингін жүргізе білу.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін : 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

Біліктілігі: 0809223 "Техник - технолог"

Техник-технолог - мұнай және газ өндіру процесін реттейді, сондай-ақ өндірістегі анықталған ақауларды, химиялық заттардың мөлшерлі қолданылуын реттеп, газ құбырларын тексеріп, қызмет обьектілері процесі көрсеткіштерін реттеп, олардың нормаға сай жұмыс жасауын бақылайды; технологиялық жер-асты процестері мен ұңғымаларда күрделі жөндеу жүргізеді.

 

Техник-технологтың кәсіптік құзыреттілігі:

  • Технологиялық процесті қалыпты және апатты тоқтатуды орындау ;

  • Картограмманы орнатып, бақылау-өлшеу аспаптарының тіркелген көрсеткіштерін бақылау және реттеу;

  • Агрегат пен жоғарғы қысымды қондырғыны пайдаланып, скважинаның жер асты және жер үсті жабдықтарын өңдеуді жүргізу;

  • Скважинаны зерттеудің бірнеше түрін жүргізу;

  • Қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауды қадағалау;

  • Жұмыс орнында техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау туралы инсруктаж өткізу;

  • Техологиялық процестің және жабдықтарды пайдалану ережесінің сақталуын бақылау;

  • Технологиялық аппараттарды жөндеуге дайындау;

  • Технологиялық жабдықтарды сынауға және техологиялық процесті экспериментттік тексеруге қатысу;

  • Апатты жағдайдың мүмкіндігін жою;

  • Жабдықтардың технологиялық, гидравликалық және механикалық есебін орындау.

  • Есеп-техникалық құжаттарды орындау.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін : 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

 

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Біліктілігі: 1304043 "Техник - бағдарламашы"

Техник-бағдарламашы –  экономика мен бизнес процестерін ұғатын, жобалай алатын, бағдарламалауды білетін, өндірістегі автоматтандырылған жүйелердің жұмысын басқаратын жоғары деңгейлі тәжірибелі маман. Сондықтанда ол еліміздің еңбек нарығында ең қажетті маман.

 

Техник бағдарламашының кәсіптік құзіреттілігі:

  • Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;

  • Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математкалық тәсілдер мен есептеуіш тхниканы қолдану арқылы ғылым, техника экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;

  • Тесттерді құру және бағдарламаларды тесілеу;

  • Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызу

  • Бағдарламалық өнімді қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдану.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін : 2 жыл 6 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 6 ай.

 

 

1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын темір жол көлігінде техникалық пайдалану (салалар бойынша)»

Біліктілігі: 1107043 "Техник – механик"

Техник-механик –  ортаңғы буынның жетекшісі, жаңа темір жол желілері мен автомобиль жолдарын салған кезде көтеріп-тасымалдағыш, жол-құрылыс машиналары мен жабдығына қызмет көрсету жөніндегі өндірістік үдерісті ұйымдастырушы болып табылады.

 

Техник-механиктің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Жобалық –құрылыс, технологиялық құжаттарды рәсімдеу;

  • Көліктер мен механизмдерді дұрыс пайдалануға бақылау жүргізу және жабдықтарды алдын-ала қарау, бөлшектері мен тораптарына жөндеу жүргізу;

  • Көліктер мен механизмдерді және жекеленген механизмдерді жұмысқа дайындау;

  • Экобиоқорғанысты және өртке қарсы техниканы қолдану;

  • Кәсіби қызметте қажетті бағыт ретінде экономикалық ақпараттарды пайдалану;

  • Өндірістік тазалық пен техника қауіпсіздігін бұзудың алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу;

  • Жабдықтардың жұмысының есебін жүргізу және көліктер мен механизмдердің тоқтап қалуының есебін және ұзақтығын есепке алу;

  • Жөндеу жұмыстарына арналған қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектер мен құралдарға тапсырыс жасау;

  • Жұмыс үрдісі кезінде пайда болған мәселелерді шешу үшін, көліктер мен механизмдерді пайдалану мен әзірлеуде, техникалық білімін қолдану.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін : 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

 

0801000 «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша)»

Біліктілігі: 0801143 "Техник – технолог"

Бұргылау  бұрғы жәрдемімен тұтас материалдың жоңқасын жонып алу жолымен бітелмеген немесе бітеу цилиндрлік тесік тесу процесі; тау жыныстарын бұзу арқылы қимасы дөңгелек болатын кен қазбасын жасау процесі.

Техник-технологтың кәсіптік құзіреттілігі:

  • Геологиялық, инженер технологиялық, климаттық және жол көлік жағдайында мұнай және газға бұрылау жұмыстарын жүргізу технологиясын орындау;

  • Бұрғылау, бекіту, құнарлы қабаттарды ашу, байқау, сынау, игеру процестерін бақылау;

  • Скважинаны мұнай мен газға бұрғылау процесінде жуу технологиясын бақылау;

  • Мүмкін апаттар мен асқынуларды ескерту және жою;

  • Бұрғылау қондырғыларын жөндеу, құрастыру және қызмет көрсетуді бақылау

  • Сыртқы ортаны қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

  • Жұмыс орнында еңбек қорғау және техника қауіпсіздігінен инструктаж өткізу;

  • Бұрғылау жабдықтарына бақылау- өлшеу аспаптарын және автоматтандыру құралдарын орнатуды жүргізу;

  • Бұрғылаудың техникалық және технологиялық есебін орындау;

  • Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау бойынша жүргізілген жұмыстардың калькуляциясын құру;

  • Жабдықтар мен машиналар бөлшектерінің серпімділігіне, қаттылығына және беріктігіне есеп жүргізу ;

  • Бұрғылаудың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

  • Бұрғылау қондырғыларына, қозғалтқыштарға және күштік агрегаттарға тексеру жүргізу, ақауды жою және апатты ескерту шараларын алу;

  • Электр қозғалтқыштарын жүктемесін және дұрыс жұмысын бақылау.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

 

0416000 «Сәулет»

Біліктілігі: 0416033 "Жобалаушы-техник"

Сәулет -  құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Жобалаушы-техниктің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Жобалау әдістері және техникалық-экономикалық есептеуді жүргізудің ретін білу;

  • Сызбалық және графикалық жұмыстарды орындау әдістерін білу;

  • Қолданылатын құрылыс материалдары мен құрылымдарының түрлерін және қасиеттерін анықтай білу;

  • Беріктілікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа күрделі емес есептеулерді орындай білу;

  • Сәулеттік жобалауда, графикалық құжаттамаларды (топографиялық жоспарлау, карталар, аэрофотосурет) пайдалана білу;

  • Тегістік және көлемдік жобалау әдістерін игере білу;

  • Компьютерлік жобалау әдістерін меңгеру, компьютерлік жабдықтаудан хабардар болу.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін : 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

 

0807000 «Мұнай және газ өнеркәсібі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Біліктілігі: 0807033 "Техник – механик"

Техник-механик –  жабдықтардың авариясыз және сенімді жұмыс жасауын қадағалап, олардың дұрыс пайдалануын реттейді; жабдықтардың уақытылы жұмсалып сапалы жөндеу жұмыстарына жеткізілуін қадағалайды; жабдықтардың күнтізбелік жоспарға сай жөнделіп, есепке алынуын басқарады.

 

Техник механиктің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Техника қауіпсіздігінің ережелерін бақылау және қамтамасыз ету;

  • Жабдықты сақтау құралдарының жағдайына техникалық бақылауды іске асыру;

  • Жабдықтарды жөндеуге, тексеруге дайындаудың графигін ұйымдастыру;

  • Жөндеуің барлық түрлерін жүргізу үшін құралдар, артық бөлшектер мен материалдар алуға сұраныс беру;

  • Жабдықты жөндеу бойынша орындалған жұмыстың есебін ұйымдастыру;

  • Қолданылған майды қалпына келтіру жұмысын ұйымдастыру;

  • Майлағыш және үйкеу материалдарының жұмсалу нормасын бақылау және сақтау;

  • Жөндеу технологиясының сақталуын бақылау;

  • Артық бөлшектердің спецификациясын және жабдықтардың құжатын құрастыру;

  • Эскиздерді, жұмыс сызбаларын және сұранысты дайындау.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай.

 

1204000 «Су көлікті пайдалану (салалар бойынша)»

Біліктілігі: 1204103 "Кеме жүргізуші-техник"

Кеме жүргізуші техник –  теңіз және өзен көліктері мекемелерінде кәсіптік қызмет көрсету саласында қызмет ете алады: кеме жүргізуді сауатты меңгеру, қауіпсіз жағдайда, апатқа ұшырамай жүзу, кемені, оның көмекші механизмдерін пайдалана білу, флот жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау.

 

Кеме жүргізуші технигінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • ҚР-ның ішкі су жолдарында жүзу ережелерінің талаптарын бұлжытпай орындай отыра, кеменің жүзуін және оның авариясыз жұмыс істеуі үшін барлық мүмкіншілікті пайдалану;

  • Кемелік кесте құрып, оның орындалуын қадағалау;

  • Экипаждың барлық мүшесіне қатысты міндетті кемелік жұмыстарды жүргізгенде және кеменің қауіпсіз жүзуі үшін қажетті шараларды белгілеу ;

  • Вахталық журналды қабылданған ережеге сәйкес толтыру;

  • Экипаждың мүшелерінің техникалық оқу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру;

  • Экипажды кеменің пайдалануы мерзімін арттыру үшін күреске дайындау өртке қарсы қорғанысты, адамдарды, жүктерді және кеме мүліктерін аман алып қалу шараларын ұйымдастыру;

  • Кемедегі жүктердің орналастыру жоспарын, олардың түсіру ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру.

Мерзімі:  11 сыныптан кейін: 2 жыл 6 ай;

                  9 сыныптан кейін: 3 жыл 6ай.

 

1