Оқу-әдістемелік қызмет


Оқу-әдістемелік қызмет

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде» оқу-әдістемелік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі» негізінде ұйымдастырылады.  

Оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттырудың маңызды құралы- жүйелі ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс болып табылады, оның басты мақсаты оқытушылар, кураторлар, өндірістік оқыту шеберлеріне олардың шеберлігін дамытуда нақты, пәрменді көмек көрсету, яғни заманауи педагогқа қажетті кәсіби білім, білік, дағдысын жетілдіру.  

Педагогикалық ұжым мақсатты түрде  «Бәсекеге қабілетті және кәсіби құзыретті маман қалыптастыруда оқу үрдісінде заман талабына сай инновациялық оқу технологияларының элементтерін пайдалану» әдістемелік мәселемен жұмыс істейді.

Барлық әдістемелік жұмыс: оқытушы-әдістемелік кабинет-колледж  деңгейінде жүргізіледі. Әдістемелік жұмысты жоспарлау кезінде барлық оқытушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктері ескеріледі, бұл оқу-тәрбие процесіне озық тәжірибені анықтау, зерделеу және енгізу бойынша жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.

Ұжымның басты оқу-әдістемелік міндеті-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру. Осы мақсатқа жету үшін колледждің әдістемелік қызметі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесінде әр түрлі мекемелерден біліктілікті арттыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарынан өту, республикалық және облыстық әдістемелік семинарларға, қала кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуге қатысуын көздейді.

Оқу-әдістемелік қызмет аясында Озат тәжірибе мектебі жемісті жұмыс істейді, онда жас педагогтар мен тәлімгерлер үшін тақырыптық семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, тәжірибе алмасу сабақтары өтеді.

Мақсаты:   терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан  жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, өзін қоршаған әлемді түсініп, сезіне алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • білім берудің сапасын арттыратын құрал ретінде педагогтардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру.
  • педагогикалық тәжірибенітүрлі деңгейлерде ұсыну;
  • оқу үдерісіне озат және инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізу;
  • өз білімін жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға инженер- педагогикалық қызметкерлердің ынтасын арттыру;
  • бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау;
  • қабілетті;
  • оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.

Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны:

  • нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
  • жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
  • еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
  • аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау;
  • студенттердің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  • педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтар өткізу, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс шаралар өткізу;
  • сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
  • кәсіптік шебершіліктен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
  • педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
  • ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.

 Колледж оқытушыларының құрастырған оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдары

Маманның құзыреттілігін инновациялық технологиялар

 

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау