Тарихы


1997 жыл

Заман талабына сай арнайы орта білімді дамыту мақсатында Ақтау қаласында Гуманитарлы-экономикалық колледжі құрылды. Колледж құрылтайшысы – педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев.  Білім және мәдениет Министрлігінің 03.09.1997 ж. № 356  бұйрығы негізінде БМ сериялы №0000246 лицензияға сәйкес колледжде «Құқықтану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау», «Кеден ісі» мамандықтары ашылып, студенттерге білім берілді. Бұл жылы колледжге 111 оқушы қабылданды.

1998 жыл

№ 4679 Мемлекеттік лицензиясына сәйкес 1998 жылдың қыркүйек айында Гуманитарлы-экономикалық колледж жанынан «Жасталап»  лицейі ашылды.  Ондағы мақсат – лицей түлектерін сапалы білім беріп, кәсіптік маман ретінде дайындау. Колледжге 191 оқушы қабылданды. «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау»  мамандығы бойынша алғашқы 14 түлек бітіріп шықты. Колледждің техникалық-материалдық базасы жылдан жылға дами бастады.

1999 жыл

1999 жылы Маңғыстау «Болашақ» институты құрылды. Институт ректоры – педагогика ғылымдарының докторы,  Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев болды. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі А.П.Сейтешовтың басқаруымен «Болашақ» институтында «Жоғарғы оқу орындары мамандарының жеке тұлға қалыптастыру мәселесі» бағытында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1999 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Гуманитарлы - экономикалық колледжінде «Кәсіптік оқыту», «Шетел тілі» мамандықтарына оқушылар қабылданды.

Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы 1999 жылы қыркүйек айында құрылды. Негізгі мақсаты: лицей – колледж – жоғарғы оқу орны – аспирантура жүйесі негізінде үзіліссіз оқыту бағдарламасы бойынша мамандар даярлау.  Академия құрылымы: Маңғыстау «Болашақ» институты, Гуманитарлы-экономикалық колледж, «Жасталап» лицейі. Академиямыздың басты ерекшелігі: қазіргі заманға сай мамандықтар, жеделдете оқыту бағдарламасы, алдыңғы қатарлы дәрісханалық жүйе негізінде оқыту.

Колледжге 211 оқушы қабылданды, 99 маман бітіріп шықты.

2000 жыл

Гуманитарлы экономикалық колледж жаңа стандарт бойынша мемлекеттік аттестациядан өтіп, 0705002 «Құқықтану», 0313002  «Кәсіптік оқыту», 0316002 «Шетел тілі», 0707002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 0719002 «Кеден ісі» мамандықтар бойынша шектеусіз лицензия алды.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешім қабылдады :

  1. Ақтау қаласы Гуманитарлы-экономикалық колледж басшылары мен педагог мамандарының сапалық құрамын, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жетістік деңгейін, мамандар дайындау сапасын бастапқы және орта кәсіптік білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт талабына сай деп есептелді.
  2. Ақтау қаласы Гуманитарлы-экономикалық колледжінің білім беру қызметі мен көрсетілген мамандықтар бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом беруге 5 жыл мерзімге құқысы бар аттестацияланған оқу орны деп есептелді.

Осы жылы колледжге 163 оқушы қабылданды, 196 маман бітіріп шықты.

2001 жыл

2001 жылғы наурыз айының 28 жұлдызында Гуманитарлы- экономикалық колледжі Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі атымен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу №711-1943-У-е куәлігі бойынша қайтадан тіркелді. Колледжге БМ сериялы  № 0000584  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 07.07.2001ж.  № 543 бұйрығымен статистикалық карта берілді.

Колледж жаңа мамандықтармен толықтырылды: 0714002  «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану», 2002002  «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0319002  «3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар білімі», 3902002 «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы».

Колледжге 351 оқушы қабылданды, 152 маман бітіріп шықты.

2002 жыл

0313002  «Кәсіптік оқыту», 0316002  «Шетел тілі» мамандықтары бойынша алғашқы мамандар диплом алды. Колледжге 143 оқушы қабылданды, 166 маман бітіріп шықты.

2003 жыл

Маңғыстау облысының 40 жылдық және Ақтау қаласының 30 жылдық мерей тойының қарсаңында колледждің жаңа спорт кешені мен акт залы пайдалануға тапсырылды. Колледжге 313 оқушы қабылданып, 163 маман бітіріп шықты.

2004 жыл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 354 бұйрығына сәйкес 2802002 «Көтеру-транспорттық, құрылыстық, жол машиналары мен жабдықтарды пайдалану, техникалық күту және жөндеу», 3037002 «Жағада жүзу және ішкі су жолдарында кеме жүргізу», 3038002 «Ішкі су жолдарын пайдалану» мамандықтары бойынша оқушылар қабылдауға лицензия алды.

2002002  «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша алғашқы мамандар  бітіріп шықты.

Колледжге 513 оқушы қабылданып, 122 маман бітіріп шықты.

2005 жыл

Колледж директоры Шаккузова Г.Ж.- экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Президенті жанындағы жанұя және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық  комиссия ұйымдастырған «Әйел басқаратын ең жақсы кәсіпорын» атты республикалық  байқаудың «Білім беру» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

0319002  «3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар білімі» мамандығы бойынша алғашқы мамандар  бітіріп шықты.

Колледжге 637 оқушы қабылданып, 210 маман бітіріп шықты. Осы оқу жылында колледждің 1000-шы  түлегінің оқу бітіруі ерекше аталды.

2006 жыл

2006 жылдың мамыр айында 0313002 «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің «Орта кәсіптік білім беру мен еңбек ортасының арасындағы серіктестік ынтымақтастық» тақырыбына арналған кезекті Пленумы «Болашақ» колледжінің базасында өткізілді. 2006/2007 оқу жылында колледжді 298 маман оқу бітіріп, дипломға ие болды. Колледждің күндізгі бөліміне 561 оқушы қабылданды.

2007 жыл

Колледж өзінің 10 жылдық мерей тойын тойлады. Осы жылы студент контингентінің көбеюіне байланысты оқу орнының материалдық-техникалық базасы кеңейтіліп, 3 этаж іске қосылды. Қазақстан Республикасының Кіші ғылыми академиялық маңғыстау филиаланың VІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясында “Лингвистика және әдебиет” (қазақ, орыс, ағылшын) секциясы бойынша “Абай – ұлт ақыны” тақырыбымен ІІ орын алғаны үшін Махамбетова Жадыра ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

“Қазақстан — 2030” стратегиясының 9 жылдығына арналған денсаулық Фестивалі аясында өтікізілген “Президенттік миля-денсаулыққа жол” жарысында І және ІІ орын алған Джуманов Н., Орынжанов Э. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаменті атынан марапатталды.

Ауыл­дан келген оқушыларды жатақханамен қамтамасыз ету және жатақ­ха­нада сабаққа дайындалуға бос уақытын тиiмдi пайдалануға колледж әкімшілігі тарапынан жағдай жасалынды.

Оқушыларды облыс көлемiнде өткiзiлген шараларға, спорттық секцияларға, т.б. үйiрмелерге қатыстыру ұйымдастырылды.

Колледжге 617 оқушы қабылданып, 218 маман бітіріп шықты.

2008 жыл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі 4303002 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқушылар қабылдауға лицензия алды.

Колледжге 799 оқушы қабылданып, 478 маман бітіріп шықты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауын оқушыларға насихаттау, түсіндіру мақсатында  стенд жасалды. Аталған жолдаудың мазмұны, мәнi, мақсаты, бағыттары туралы жалпы ақпарат беретiн  конференция өткізілді.

2009 жыл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі 0807000 – «Мұнай  және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету» және 1304000 – «Электрондық  есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша оқушылар қабылдауға лицензия алды.

«Жол картасы»  бағдарламасы бойынша 11сынып негізінде 1401000 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», 1204000 – «Су  көлікті пайдалану» және  1107000 – «Көтергіш  көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандықтарына  125 оқушы қабылданды.

Колледжге 597оқушы қабылданды, 532 маман бітіріп шықты.

Маңғыстау жастарының рухани- мәдени бірігуі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда, жастар бастамашылдығын қолдап, дамыту мақсатында, ЖҚТБ-ға қарсы және оның алдын-алу мақсатындағы семинар тренингке қатысушы төмендегі оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Олар: Сақтағанов Хамит, Балтакулова Гүлсапар, Сағытжан Әсем, Ерсейітов Бекарыс, Қалдыбек Ақерке, Ильясқызы Айгерім, Сағынбаева Орынгүл, Абиев Арман, Мақытова Асия, Айтбаев Нұрсұлтан, Майлыбаева Звира.

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Күрес» сайысына қатысқаны үшін Тенельбаев Болат дипломмен марапатталды. Грек-Рим күресіне қатысып ІІІ орын, Маңғыстау облысы кубогін иелену күрес сайысынан ІІІ орын, «Наурыз мейрамы»  мерекесіне орай өткізілген қалалық грек-рим күрес сайысынан                   І орын, грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Айтбаевты еске алуға арналған 3 халықаралық турнирде І орын, Грек–рим күресінен мемлекет қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған Республикалық турнирде ІІІ орын алған  Хабибуллин Асқаржан  грамотамен марапатталды.

Студенттер арасында өткен мини-футбол сайысына қатысқан Бейсов Данияр ІІІ орынмен марапатталды. Облыстық күрес сайысынан  ІІІ орын алған  Тенелбаев Болат  грамотамен марапатталды.

«Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан студенттер Альянсының» ұйымдастыруымен өткен «Дені саудың жаны сау» атты КТК ойынында «Болашақ жастары» командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

16 желтоқсан ҚР  Тәуелсіздігіне 18 жыл толуына орай, «Тәуелсіздік таңы арайлы» атты сахналық қойылымдар сайысында өнер көрсеткені үшін «Болашақ» колледжі оқушылары алғыс хатпен марапатталды.

2010 жыл

Колледж директоры Қаламқали Г.М. 2010 жылы «Ұлы гуманист, ағартушы, руханият абызы Пір Бекет атаның 260 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды  ұйымдастыру және өткізуге қосқан үлесі үшін», «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Қараевтан алғыс хатпен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11сынып негізінде 1401000 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығына 25 оқушы қабылданды.

Колледжге 411 оқушы қабылданды, 601 маман бітіріп шықты.

Студенттік спартакиадада мини-футболдан ІІІ орын ,Тараз қаласында мини — футболдан І орын. Республикалық футбол турнирінде  ІІ орын алған  Қанаев Сұңғат дипломмен марапатталды.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы оқушылары арасында өткен баскетболдан (қыздар) облыстық турнирде ІІ орын алған «Болашақ» колледжі командасы дипломмен  марапатталды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы оқушылары арасында өткен баскетболдан (ұлдар) облыстық турнирде ІІІ орын алған «Болашақ» колледжі командасы дипломмен  марапатталды.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы оқушылары арасында өткен футболдан облыстық турнирде І орын алған «Болашақ» колледжі командасы дипломмен марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы оқушылары арасында өткен волейболдан  облыстық сайыста ІІІ  орын алған «Болашақ» колледжі командасы дипломмен  марапатталды.

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілген волейбол сайысына қатысқан Мамутова Айнұр ІІ орынмен марапатталды.

«Қазақстанның инновациялық дамуы» тақырыбында жазған шығармасы үшін Төлегенов Хазірет І орынмен,  Айдымбаева Жібек ІІ орынмен, Червов Дима мен Садықова Татьяна ІІІ орынмен марапатталды.

Қысқы «Азияда» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында  баскетбол  бойынша ұлдар командасы облыстық турнирде І орын,  қыздар  командасы ІІ орын алып, дипломмен марапатталды.

П-10-1 тобының оқушысы Төлегенов Хазірет «Бауыржан Момышұлы туғанына 100 жыл» атты тақырыпта жазылған  шығармалар сайысынан  І орын,  «Үш тұғырлы тіл» пәндер олимпиядасынан І орын,  «Желтоқсан желімен келген Тәуелсіздік» атты тақырыпта жазылған шығармалар сайысынан ІІ орын,  «Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік» атты поэзия кешінде ІІ орын,  «Тіл халықтың байлығы» атты тақырыпта жазылған шығармалар сайысынан І орын иеленді.

2011 жыл

Колледж Маңғыстау облысының Білім Басқармасының  17.06.2011 жылғы № 538 бұйрығы негізінде берілген лицензияға қосымшамен төмендегі мамандықтар бойынша маман даярлау құқығын алды:

  1. 0801000 «Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы» (бейін бойынша);
  2. 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету»;
  3. 1104000 «Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы»
  4. 1114000 «Пісіру ісі» (түрлері бойынша);
  5. 1410000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану»;
  6. 1514000 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»

(салалар бойынша).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 9-сынып негізінде 1401000 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»  және 1204000 – «Су  көлікті пайдалану» мамандықтарына 50 оқушы, 11-сынып негізінде 1107000 – «Көтергіш  көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығына  25 оқушы қабылданды.

2011 жылы «ҚР Президентінің сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін»  ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың алғысымен, Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған, лицей, колледж жастары арасында «Мерген — 2011» пневматикалық винтовка атудан облыстық жарыста «Ең жақсы мерген» атағын алған Төлебай Айдос мақтау қағазымен марапатталды.

«Қазақ КТК лигасы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен «Қазақ  КТК лигасы» РЖҚБ және ТАҢ телеарнасы 2011 жылдың 4 желтоқсанында  Алматы  қаласында өткен Халықаралық түркі тілдес лигасы 12-чемпионатының ақтық мәре телевизиялық жобасына колледждің «Жерұйық» командасы қатысып, дипломмен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Тәуелсіздіктің Жиырма Шыңы»   20 жұлдызды күндері, «Менің Қазақстаным» шарасына белсене қатысқаны үшін Абиев Арман Максудұлы марапатталды. Колледжге 657 оқушы қабылданып, 668 маман бітіріп шықты.

2012 жыл

Колледждің 15 жылдық мерей тойына орай өткізілген «Оқу үдерісіне жаңа технологияны енгізу» атты халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференцияға Түркия, Әзірбайжан, Ресей елдерінен қонақтар шақырылды. Колледж оқытушылары белсене қатысып, олардың дайындаған 25 астам баяндамалары конференция жинағына енгізілді. Колледж мерей тойына орай жемісті еңбек етіп келе жатқан колледж оқытушылары Облыстық  білім басқармасының мақтау қағазымен Қаламқали Г.М, Артықбаева А,            Қоңырова З., Көшербаева Г., «Нұр Отан» партиясының марапаттауымен  Қаламқалиев М.Х., Шақкөзова Ғ.Ж., Қаламқали Г.М, Туленова Г.И.,      Қошаева А.Т., Джакаева Г.Б. Сатқанбай Р.Н., «Ақ жол партиясының» алғыс хатымен Тұржанова Р.И., Қазиев Н., Жұмағали А.К., Амирхан Б., колледжішілік марапаттаумен  Дүйсенова Г.Е., Кокеева Б. т.б. марапатталды.

Тамыз айында оқу орнының басшылары мен бірқатар оқытушылары  Республикалық «Дарынды балалар – Қазақстан болашағы» энциклопедиясының  «Құрмет тақтасы» айдарында «Білім саласындағы еңбегі үшін» дипломы және төс белгісімен марапатталды. Олар: Қаламқали Г.М., Жумағали А.К., Артықбаева А.Т., Мазанова Н.Ж., Туленова Г.И.,  Дуйсенова Г.Е.  Қошаева А., Толеугалиева Б., Конирова З.  Оқу жылының басында көптеген оқытушылары мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында  Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының білім басқармасынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Қыркүйек айында өткен Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі аясында  ағылшын тілі пәні оқытушысы Сәтбергенова А.М. «Ең бірінші бақытым-Тілім менің» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауынан бас жүлдені иеленді.

Қыркүйек айында өткен Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі аясында облыстық шығармалар байқауынан пән оқытушысы                                       Р. Сарсенованың жетекшілігімен УиА-12-1 тобының студенті Амангелдиева Сабина  бас жүлдеге, Қ-11-1 тобының студенттері  Алиев Болат, Аманбаев Исатай  белсене қатысқаны үшін мақтау грамоталарына  ие болды.     ЭВТ-11 тобының студенті А. Смышляев Маңғыстау облысы Тілдер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл — халық жанының кілті» атты тақырыпта өткен облыстық байқауының республикалық іріктеуінен жүлделі орын алып, республикалық байқауға жолдама алды.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Е. Дүйсенова  Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, сондай-ақ қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру, қазақ тілін оқытудың алгоритмдік әдістерін қалыптастыру мақсатында мекемелерде және орыс тілді сыныптарда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атты облыстық байқауында ІІІ орын алғаны үшін Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломымен марапатталды.

Қазанда Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы базасында өткен  «Ең үздік Веб-сайт» байқауына қатысқанн студент Джолдасов Юсупбек Безиргенович дипломмен марапатталды.

Талдықорған қаласында өткен коркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы XIV республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Қ-10/1 тобының студенті Х. Төлегенов  марапатталды.

Колледжде күндізгі бөлімге 394, сырттай бөлімге 274 студент, барлығы 668 студент қабылданды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 11-сынып негізінде 1107000  «Көтергіш  көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығына  15 оқушы қабылданды. 581 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

2013 жыл

Колледж Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 13.05.2013 жылғы № 150 бұйрығы негізінде берілген лицензияға қосымшамен төмендегі мамандықтар бойынша маман даярлау құқығын алды:

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0103000 «Дене шынықтыру және спорт», 0416000 «Сәулет»,  1203000 «Теміржол көлігінде тасымал ұйымдастыру және қозғалысты басқару».

География пәні оқытушысы Қошаева Анар Тәжібайқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Жалпы мемлекеттік Ұлттық республикалық бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша  колледж «Сала көшбасшысы — 2013», «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі  «Білім көшбасшысы — 2013» орденімен марапатталды.

Қаңтар айында Республикалық «Крисаталды пиксель» дизайны және компьютерлік графика байқауына ВТиПО – 10 тобы студенті Джолдасов Юсупбек Безиргенович қатысып «Визит картасы» номинациясымен және  ВТиПО – 11 тобы студенті Саясатов Азамат қатысып «Көркем коллаж» аталымында 1-ші орынды иеленіп дипломмен марапатталды.

Ақпан айында колледжде «Қазақстан Білім-тәжірибе шеберлігі және инновациялар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Облыс көлеміндегі оқу орындарынан 28 қатысушы қатысып, Баяндама материалдары конференция жинағына енгізілді.

Колледжде күндізгі бөлімге 279, сырттай бөлімге 157 студент, барлығы 436 студент қабылданды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 11-сынып негізінде 1401000  «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығына  24 студент қабылданды. 394 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

2014 жыл

Колледжде 28 наурыз күні «Білім беру жүйесінде кәсіби бағытты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты  облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Колледж ұжымы толықтай конференцияға атсалысты. Сондай ақ, конференцияға облыс көлеміндегі көптеген оқу орнындарынан оқытушылар қатынасып, тың ғылыми жұмыстарын ортаға салды. Баяндама материалдары конференция жинағына енгізілді.

Колледж Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау Департаментінің қаңтар айындағы жоспарлы тексеруінен ойдағыдай өтті.

2014 жылдың мамыр айында колледж институционалдық аккредитациядан  жемісті өтті. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінен келген эксперттік топ  «Еңбек нарығында  Республика,  оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін  қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық  жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабылетті тұлғаны дайындау» тақырыбында жасақталған колледж миссиясын негізге ала отырып, оқу әдістемесі мен қазіргі технологияны, инновацияны қолдануға, тәжірибені, оқу орнының материалдық техникалық базасы жағдайын, педагог – оқытушылар  құрамын, оқу үрдісі сапасын, түлектердің бәсекелестік қабілетін бағалады. Колледжге 16.06.2014 жылы IA №007 институционалдық аккредитациялау куәлігін тапсырды.

2013-2014 оқу жылында Республикалық ғылыми әдістемелік орталықпен келісім-шарт жасақталып, 1104000  «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары мен білім беру бағдарламасы техникалық пәндер оқытушылары Джукашева Г.Г, Алтыбаева Н.Б, Бинеубаева Д.Ж., Кадирханова Р.К. қатысуымен жасақталды.

Аттестаттаудан өтетін жалпы білім беру және арнайы пән оқытушыларының педагогикалық қызметімен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында 5 наурыз күні  «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары – кәсіби білім сапасын арттыру көзі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік күн өтті. Сабаққа облыс көлеміндегі өзге де техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары және Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу әдістемелік кабинетінен сараптау комиссиясының мүшелері қатысты.

Сәуір айында Германия елінен лектор Г. Гербердинг шақыртылып,  Methods of teaching in professional education. German experience тақырыбында оқытушыларға әдістемелік семинар өткізді.

Колледж ЖШС «САГА Аташ», ЖШС «Прикаспийский машиностроительный комплекс», ЖШС «Актауская Нефтяная электронная компания», АҚ НГСК «Морпорт» секілді облысымыздың ауқымды мекемелерімен студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін келісім-шартқа отырды.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен С.А. Есжанова, Ф.Ж. Ауезова, Б.А. Әмірхан, Н.Б. Алтыбаева, ал Құрмет грамотасымен  колледж директоры Каламкалиева Асель Мухитовна, оқытушылар Р.Н. Сатқанбай, Р.К. Кадирханова, А.Б. Нурмуханова, Р.К. Сарсенова марапатталды.

Облыстық ғылыми конференциядан СУДСТ-12-1 тобының студенті                 Рахман Бағдат І орынмен, ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген қалалық жыршы – термешілер байқауында  «Би болмас белін жалпақ буғанменен» Нұртуғанның термесі және «Сәулем — ай» халық әнімен  ЭН-12 тобының Сахи Қазбек ІІІ орынмен, ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген қалалық патриоттық әндер байқауында Ибрагим Алтыбаевтың  «Қыраным күннің астында» әнімен  СУДСТ-12-1 тобының студенті  Танабай Болатбек  ІІІ орынмен, Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім мен тәрбиені жақсарту мақсатында, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар  және табиғатты  пайдалануды реттеу басқармасының   ұйымдастырылуымен жоғарғы және арнаулы оқу орындары  студенттері  арасында  өткізілген  облыстық экологиялық олимпиадаға  «Есеп және аудит» мамандығының  І курс студенттері қатысып, нәтижесінде Адилова Назерке ІІІ жүлделі орынмен, Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының «Тыңда мені жүрекпен» атты Фариза Оңғарсыноваға арналған  кеште БЖБ-12 с/о тобының студенті Мұстахиева Ақмаржан  үздік дипломмен, Ақтау қаласының 50 жылдығына арналған кеште арқан тарту сайысынан колледждің қыз балалар және ер балалар командасы І орынмен, Гір көтеру сайысынан колледждің  ЭН-13 тобының студенті Құдайбергенов Нұржау ІІ орынмен, «Студент көктемі — 2014»  апталығы аясында ЭН-13 тобының студенті Құдайбергенов Нұржау «Жастар жырлайды» жас ақындар мүшайрасында алғыс хатпен, П-12-2 тобының студенті Овезов Қайрат  «Үздік студент — блоггер» байқауында Фейсбук, ВКонтакте желісі арқылы «Үздік әлеуметтік желі блоггері» номинациясы бойынша дипломмен, БЖБ-13 тобының студенті Смагулова  Индира жүгіруден І орынмен, қол күресінен ІІІ орынмен, «Жеке меншік бизнесіңді қалай ашу керек?» тренингіне қатысқан ЭН-11 тобының студенті                           Белек Даулет сертификатпен, КТК командасы «Болашақ жастары» Республикалық «Каспий» аймақтық лигасының жартылай финалдық көңілділер мен тапқырлар сайысында өнегелі өнер көрсетіп, келесі финалдық сайыстарға Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының дипломымен, «Туберкулезден сақ болайық»  атты қалалық көрініс көрсету сайысынан  ІІІ орынмен, Көркем сөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей  атындағы қалалық ХҮІІ байқауына қатысып, жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткені үшін ЭН-13 тобының студенті Құдайбергенов Нұржау дипломмен, «АТАМЕКЕN»  STARTUP бизнес идеялар конкурсына ЭН-11 тобының студенті Белек Даулет пен ЭН-13 тобының студенті Құдайбергенов Нұржау өз жобаларын ұсынып, І орынмен марапатталды.

Колледжге күндізгі бөлімге 325, сырттай бөлімге 146 студент, барлығы 471 студент қабылданды. Республикалық мемлекеттік тапсырыс негізінде 1104000 «Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы», 1103000 « Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету» мамандықтарына  40 студент, жергілікті мемлекеттік тапсырыс негізінде  1514000 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» (салалар бойынша),  1418000 «Архитектура», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»  мамандықтарына  150 студент қабылданды. 407 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

2015 жыл

2015 жылы 7 сәуір күні «Оқу сапасын жетілдіру-сапалы білім негізі» тақырыбында біліктілігін көтеруге өтініш білдірген оқытушылардың, жас мамандардың және озат тәжірибелі оқытушылардың іс тәжірибесімен таныстыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинар – практикум өткізілді. Облыстық семинар-практикум аясында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева және ғылыми қоғам жетекшісі Г.С.Шаңбастың ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай өткен «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты мерекелік-тәрбиелік шара өз дәрежесінде өткізілді. Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Біз сенеміз және ұмытпаймыз!» тақырыбындағы акцияға оқытушы Капаева Гулнар Баймухамбетова қатысып, марапатқа ие болды.

Осы жылы техникалық пәндер бірлестігінің  оқытушылары 1104000 «Су көлікті пайдалану», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету», 1104000 «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы»   мамандықтары бойынша Кәсіптік стандарт бойынша типтік жоспар мен оқу бағдарламасы, сондай-ақ 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығына оқу тәжірибесі бойынша модульді жұмыс бағдарламаларын дайындады.

28 мамыр – 3 маусым аралығында колледж ғимаратында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Филиалы «Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институтының», «Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, жүзеге асыру технологиялары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан  35 инженер-педагог өтіп, сертификат иеленді.

2015 жылдың желтоқсан айында орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Сарсенова Р.К., Джантасова Р.У. он-лайн жүйесінде республикалық мұғалімдер арасында орыс тілі пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, сертификат иеленді. Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырылған «Тіл - парасат» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңіне  қатысқан  БЖБ-15-1  тобының студенті Коткова Анастасия марапатқа ие болып сыйлықтар алып қайтты. Жыл сайын  Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасының   ұйымдастыруымен өтетін негізінде Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық байқауға қатысушы  СЭЗ -15 с/о  тобының студенті Сатай Мұқанәлі, НОО – 15 с/о тобының студенті  Ералы Жұлдыз  қатысып, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ақтау қалалық Маңғыстау облысының ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Экологиялық олимпиадаға» ДО-14 тобының студенттері Оңғарбаева Мейірхан, Белгібай Бағдат, Убайдуллина Ұлболсын қатысты. Олимпиадада  Оңғарбаева Мейірхан Алғыс хатпен  марапатталды. 

Колледжде 20 қараша күні киелі өлке Маңғыстауды әлемге танытудың бірден-бір көзі – туризм саласы болғандықтан, өлкеміздің тарихи ескерткіштері мен бай қазынасын таныту мақсатында «Қойнауы құт, қазыналы мекен» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға облыс көлеміндегі колледждерден 57 баяндамашы қатысып, студенттер туған өлкесі жайлы толық мағлұмат алып, таныс тақырыптан тың идеялар тауып, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификат табысталды және Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен және Дипломымен марапатталды.

Мамыр айында «ZIAT» ғылыми- әдістемелік орталығы ұйымдастырған республикалық  «Инновациялық сабақ» байқауына оқытушы А.Измуханова «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия» пәнінен «Қызықты қазақ тілі әлемі» тақырыбындағы сынақ сабағын ұсынылып, оқытушы сертификатпен марапатталды. Сол сияқты осы орталықтың шілде айында ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік ашық сабақ» атты Республикалық сайыстан оқытушы Д.Бинеубаева ІІ орынға ие болды, сертификат иеленді. 

Қазан айында Сарсенова Р. К. Маңғыстау облысының білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыспен» марапатталды. Желтоқсан айында Дуйсенова Г.Е. Маңғыстау облысының әкімінен «Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі жетістіктері үшін»  «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар Ғ.Қайратқызы, А. Ерубаева, А. Измуханова Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, оқытушысы Ф. Надирова, Д. Бинеубаева, Н. Тулешова, Д.Б. Тастемирова Алғыс хатпен марапатталды. 

19 қараша-30 желтоқсан аралығында Омск су көлігі институтында арнайы пән оқытушылары А. Ткачев, А.Алдабергенов, Н.Алтыбаева, Г.Джукашева «Судостроение и техническое обслуживание судовых машин и механизмов», «Эксплуатация судового электрооборудования и средств автоматики» тақырыптарындағы біліктілік арттыру курсынан өтіп келді.

Колледжге күндізгі бөлімге 385, сырттай бөлімге 188 студент, барлығы 573 студент қабылданып, 461 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

2016 жыл

18 наурыз күні оқу жылында біліктілігін көтеруге өтініш білдірген және озат тәжірибелі оқытушылардың іс тәжірибесімен таныстыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Семинар тақырыбы: «Оқу мен оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану». Семинарға облыс көлеміндегі колледждерден 19 оқытушы қатысты.

Дүниежүзі бойынша өз ісіне кәсіби шебер студентті таңдау мақсатында ақпанның 4-жұлдызында колледжішілік «WorldSkills - 2016» байқауының өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар облыста 24-26.02 аралығында өткен «WorldSkills - 2016» байқауына қатысып, Тащанов А., және Сапарова Т. ІІІ орын, Калиаскаров М, Сандыбай М. ІІ орынды ие болды.

2016 жылы 8 оқытушы (1 оқытушы бала күтіміне кетті) өтініш білдіріп, олардың ішінде 1 оқытушы жоғары біліктілік санатты растауға, 1 жоғары санатқа, 3 бірінші санатқа, 2 екінші санатқа өтініш беріп, 6 оқытушы санаттарын қорғады.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің БАИ ұйымдастырған «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбындағы, Қазақ-Түрік тренинг орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау Туризм колледжі базасында өткізілген «Кәсіптік стандарт құрылымын оқыту бағдарламасына жобалау технологиясы» тақырыбындағы, «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «ТжКБ жүйесіне жаңа білім бағдарламасын енгізу бойынша жаңа формация оқытушы» тақырыбындағы, және Халықаралық бизнес мектебі (Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ) атынан өткен «Студенттердің білімін жетілдірудегі инновациялық технологиялары» тақырыптарындағы біліктілік арттыру курстарынан барлығы 34 оқытушы өтті

Қыркүйек-қазан айларында Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік маман» байқауы өтті. Колледжішілік байқау кезеңінің бас жүлде иегері физика пәнінің оқытушысы Р. Конырова облыстық кезеңге жолдама алып, 4 қазан күні «Атом ядросының құрамы. Ядролық реакциялар. Ядролық күштер» тақырыбындағы сабағын ұсынып, бірінші орынды иеленді.

30 қараша күні Маңғыстау гуманитарлық колледжінде өткізілген жалпы білім беру пәндері олимпиадасының облыстық кезеңіне колледж студенттері қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен НОО-15-1 тобының студенті Әбесбаева Камила жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі Г.С. Шаңбас. Қазақстан тарихы пәнінен қатысқан П-16 с/о тобының студенті Сақтабаева Толғанай ынталандыру марапатына ие болды. Жетекшісі Ф.Ж. Ауезова.

Колледжде 21 желтоқсан күні «Қашаған Күржіманұлы – қазақ жырының кәусар бұлағы» атты студенттер арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция аясында екі секция жұмыс жасады. 1 секция «Қашаған мұралары – рухани құндылық көзі», 2 секция «Тіл. Әдебиет. Тәрбие». Конференция барысында екі секция бойынша 43 баяндама тыңдалды. Конференцияға біздің оқу орнымыздан 23 студент өз баяндамасын ұсынды. Конференция қорытындысында барлық қатысушыларға сертификат берілді, сондай ақ ғылыми жұмыстары үздік, ерекше деп танылған кейбір студенттерге Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы мен Дипломы табысталды.

Желтоқсан айында Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен тәжірибелі ұстаз С. Абдыкаликова, Алғыспен Н. Усенова және Г. Кибасова марапатталды.

Маңғыстау облысының ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінің Алғысымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында оқытушы А. Сәтберген марапатталды.

Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінен 11 мамыр 2016 жылы №126 бұйрығымен 0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша), 1401000

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану жұмысшы мамандығына лицензияға қосымша алдық.

2016 жылдың желтоқсан айында колледж 4 мамандық 0201000 «Құқықтану», 0105000 «Бастауыш білім беру», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету», 1104000 «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы» бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Колледжге күндізгі бөлімге 309, сырттай бөлімге 127 студент, барлығы 436 студент қабылданды. Республикалық мемлекеттік тапсырыс негізінде 1104000 «Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету» мамандықтарына 40 студент қабылданды. 345 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

2016 жылы колледжде 88 оқытушы қызмет етті, оның ішінде штаттағы -79 (90%), штаттан тыс - 9 (10%), жоғары және бірінші санатты оқытушы - 42 (48%), магистрлар - 17 (19%), профессор -1.

2016 жылы колледждің әлеуметтік серіктестердің саны 100-ге жетіп, олардың қатарына Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты», ЖШС «Ақтау қалалық машина құрылыс зауыты», ЖШС «OMS Shipping», Акционерлік қоғамы «Орал қаласы «Зенит зауыты», (Орал қаласы), ЖШС «Судоремонтный завод» (Орал қаласы), секілді ірі мекемелер қосылды. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» мекемесі колледждің материалдық техникалық базасын нығайту үшін 1975 жылғы «Радуга» кемесінің жоғарғы бөлігі палубасын сыйға тартты.

2016 жылы бітірген 142 студенттің 75% жұмыспен қамтамасыз етілді, ал қалған 25 % жұмысқа орналасуды талап етеді.

2017 жыл       

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», біліктілігі – «Кең көлемді құрылыс шебері», 1204000 Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша), біліктілігі – «Матрос», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету», біліктілігі – «Кеме жөндеуші-дәнекерлеуші», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», біліктіліктері – «Электрондық есептеу машиналарының операторы», «Байланыс құрастырушысы-кабельші жұмысшы мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментіне лицензия қосымшасына тапсырыс беріліп, 09.03.2017 жылдың №62, 08.12.2017 жылдың №214  бұйрығымен лицензияға қосымша алынды.

          3 наурыз күні «Маманның құзыреттілігін инновациялық технологиялар жағдайында қалыптастыру» атты облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумның мақсаты: білім негізін жаңа технологиялық әдістермен бере отыра, жан - жақты маман, құзырлы тұлға қалыптастыру, инновациялық, интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру, тәсілдерді игеру, оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу болатын.

Сәуір айының 19 күні «Үздік педагог-2017» байқауының колледжішілік кезеңі өткізілді. «Үздік педагог-2017» байқауының І орын иеленген химия пәні оқытушы М.Ж. Төлеу байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, ІІІ орын иеленді.

13 наурыз күні Маңғыстау туризм колледж базасында өткізілген «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлауда кәсіби білім сапасын арттыру жолдары» атты семинар-практикумға оқытушылар В.Сумская мен Н.Усенова қатысып, оқу орнының оқытушыларының іс-тәжірибесімен танысып, тәжірибе алмасып келді. 15 наурыз күні Маңғыстау гуманитарлық колледжі базасында өткен «Оқытушының кәсіби дамуының іс-тәжірибесі: өзгерістер және келешек» атты семинар-практикумға оқытушылар                           А.Р. Ерубаева мен Ж.К. Улыкманова  қатысып, пікір, тәжірибе алмасты. 5 сәуір күні «Мейірбике» колледжінде өткен  «Оқу процесінде педагогикалық технологияларды қолданудың ерекшеліктері» атты облыстық әдістемелік семинарға химия пәні оқытушысы Р. Рисбаева қатысып келді.

          8 наурыз мерекесіне орай математика пәні оқытушысы Р.Байдуллаева Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 22  Наурыз мерекесіне орай колледждің бірқатар оқытушылары Алғыспен марапатталды. 7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар  мерекесіне  орай  колледждің БӘД пәні оқытушысы Сарыбаев Джумаберген Алғыспен марапатталды.

Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінен Д.Сарыбаев «Далалық оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып өткізуде белсенділік көрсеткені үшін» марапатталды.

            Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінен облыс көлемінде Г.Е. Дуйсенованың «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен, Н.С. Усенова, Р.Ж.Конырова, С.К.Бектилеуованың «Физика» пәнінен,  Г.С.Шаңбастың «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу»  пәнінен оқу-әдістемелік кешендері,  әдістемелік құралы бекітілді.

Кәсіби  біліктілік  санаттарын  арттыруға, растауға  9 оқытушы (І, жоғары санат) өтініш білдірді. Оқытушыларға  сәйкес біліктілік санаттары берілді.

          ІІ біліктілік санатқа 8 оқытушы өтініш білдіріп, 2017 ж. 26 сәуірдегі  №102-  НҚ бұйрығына сәйкес біліктілік санаттары берілді. 

8 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Рухани жаңғырудың жарқын жолындағы прагматизм ұраны» тақырыбындағы облыстық оқытушылар арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға облыс көлеміндегі көптеген колледждерден 40 шақты оқытушы қатысты.

Колледжге күндізгі бөлімге 399 студент, сырттай бөлімге 141 студент, барлығы 540 студент қабылданып, 346 техникалық кәсіптік орта білім маманы бітірді.

 

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау