Колледж миссиясы


Миссиясы:

Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.

Мақсаты:  

Бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысы ақтық мақсатқа - өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы, соның ішінде Маңғыстау облысы үшін кәсіби білікті бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;

  • Орта кәсіптік білім бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;

  • Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері  негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттай отырып, сапалы білім алуына жағдай жасау;

  • Теориялық оқу мен өндірісте оқу және еңбек нарығы сұранысы байланысын қамтамасыз ететін білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ әр студенттің қоғамдағы жеке басты мүмкіндігін барынша пайдалануға жағдай жасау;

  • Оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

  • Білім алушыларға кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету;

  • Мамандарды кәсіби дайындауда ұйымдармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу.

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау