Тәрбие тынысы


"Каспий өңірі "Болашақ"колледжінің тәрбие жүйесі:

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы  22 – сәуірдегі  № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «100  нақты қадам» жоспарын басшылыққа алып жүргізіледі.                     

Тәрбие жұмысының 8 бағыты:

 

Тәрбие жұмысының бағыттары:

1.

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі 

3.

Ұлттық тәрбие

4.

Отбасы тәрбиесі

5.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.

Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие

7.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын тәрбиесі

         Тәрбие жұмысының мақсаты:

            Үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие жоспарының 8 бағыты бойынша енгізілген барлық іс-шаралар студенттердің  өз мамандықтарына қызығушылығын арттыруға, жан-жақты, интеллектуалды, өзіндік оңды көзқарасы қалыптасқан, патриоттық сезімі жоғары, ғылым мен тәжірибеде жетістігі мол, ұлттық және жалпы адами құндылыққа негізделіп жетілген  тұлға қалыптастыру бағытында  салауатты ұрпақты  тәрбиелеу.

         Тәрбие жұмысының  міндеттері:

 - Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа алу;

 - Тәрбие  беру сапасын арттыру мақсатында тәрбие үрдісінде   инновациялық  технологияларды кеңінен пайдалану 

- Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

-  Тәрбиесі қиын студенттерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, тәрбиелеу.  Әлеуметтік толықтай қамтылмаған отбасыларды жете анықтап, колледж әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;

- Тәрбие  жұмыстарын ұйымдастыруда топ  жетекшілерімен жүргізілетін жұмыстарды күшейту; Топ жетекшілерінің жеке студентпен, тәрбие деңгейі төмен студентпен жүргізілетін  жұмыстарын ерекше бақылауға алу;

- Студенттердің  білім - тәрбие сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;

- Студенттердің  бос уақытын тиімді ұйымдастыру  мақсатында   сабақтан  тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру.

- Ата – аналармен ынтымақтастықты нығайту.

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау