Директордың алғы сөзі


«Басты тапсырма – жастарға білім беру,

кәсіпті үйрету, оларға мамандық беру». 

Ахмет Байтұрсынов.

 

Құрметті  оқытушылар, ата – аналар, студенттер және оқу орнына қызығушылық танытқан жастар, талапкерлер!

Сіздерді Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің  сайтында көргеніме қуаныштымын. Әр адамның кәсіби өсу жолы - мамандық таңдау сәтінен және оқу орнынан басталады. Сонымен қатар, табысты  мансап та жақсы білімнен бастау алады.     

Біздің мақсатымыз – студенттерімізге сапалы және қол жетімді білім бере отырып, түлектеріміздің  мамандықтар бойынша сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі - 1997 жылдан бастап орта буын мамандарын дайындайды. Маңғыстау облысы бойынша бірінші аккредитациядан өткен колледж (16.06.2014ж. тіркеу номері IA №007).           

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру  мақсатында  оқу  орны білім үрдісін  жүйелі жаңғыртып, жаңа технологияны нәтижелі қолданып, тәжірибеге бағдарланған оқыту моделін жүргізуде  біздің  оқытушыларымыз -   жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар беруге бағытталған, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін меңгерген жоғары кәсіби мамандар болып табылады. Колледждің оқу – материалдық базасы спорт залы, тренажер залы және акт залымен, кең көлемді кітапхана, оқу дәрісханалары, лабораториялар, шеберханалармен  заманауи үлгіде  жаңа технологиялармен  жабдықталған.

Біз білім беру барысында татулық және достық шеңберін құра отырып, әр студентке  саналы тәрбие мен сапалы білім беруге тырысамыз.

 

Сайттағы барлық ақпараттар оның барлық оқырмандарына  қызықты да пайдалы болады деп сенемін!

 

Құрметпен, колледж директоры А.М.Каламкалиева

 

Сұрақ

Сізге біздің жаңа веб-сайтты ұнайды?

Нәтижелерді қарау