Қашықтықтан оқыту

 

"БОЛАШАҚ" КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ

      

   

"КАСПИЙ ӨҢІРІ "БОЛАШАҚ" КОЛЛЕДЖІ - КӘСІБИ БАҒДАР

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Оқуға түсу үшін құжаттар egov.kz портал арқылы қабылданады

 

 

"БОЛАШАҚ" КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ

 

Жаңалықтар

  • “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында танымдық шара

    Жарияланған: admin 02 мамыр 2024 10:55

    Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде “оқуға құштар колледж” тұжырымдамасының жоспары бойынша “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында танымдық шара ұйымдастырды. Ә.Сарай “Исатай мен Махамбет” кітабы негізінде әдеби сот өткізілді. Студенттер өз ойларын шебер жеткізе білді. 

    Кітапхана меңгерушісі Г.Б.Капаева

    Тәрбие бөлімі

    Куратор: ж.К.Көшекбаева 

    ЭТМ-23тобы 

  • Бірлік күні аясында А-23-1 тобының студенті Қартбай Азамат Бауыржан Ақтайдың «Алаш аманаты» күйін тарту етті.

    Жарияланған: admin 02 мамыр 2024 10:51

    Домбыра -қазақтың  қасиеті, қазынасы,  киесі.  Домбыра тек музыкалық аспап емес, халықтың үні. Бірлік күні аясында А-23-1 тобының студенті Қартбай Азамат Бауыржан Ақтайдың «Алаш аманаты» күйін тарту етті.  Бауыржан Ақтаев – белгілі композитор, көптеген аспапта еркін ойнайтын талантты музыкант, “Астана сазы” қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі. 

  • «Куратордың бір күні»

    Жарияланған: admin 30 сәуір 2024 10:28

    Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Үздік куратор-2024» байқауының «Куратордың бір күні» тақырыбында ІІ кезеңі қорытындыланды. Жеңімпаз кураторлар келесі кезеңге өтті. Құттықтаймыз.

  • “Кітап+кино”

    Жарияланған: admin 30 сәуір 2024 10:26

    ПиМНО-22-2, ДО-22 тобының студенттері  Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада геолог-ғалым,минерология ғылымдарының докторы,профессор,академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Кітап+кино” жобасына қатысып, Медеу Сәрсекенің “Қазақтаң Қанышы” деректі романының желісі бойынша түсірілген кино тамашалады. Тағылымы мен тәрбиесі мол шара барысында  академик-ғалым туралы сұрақтарға белсене жауап берген студенттер марапатталды.

    ...

  • Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы

    Жарияланған: admin 22 сәуір 2024 09:43

    Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде АӘД пәнінің жетекшісі Ж.Қ.Сарыбаев «Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы»  жаднамамен  колледж ұжымын және студенттерді таныстырып өтті. «Жарылғыш құрылғылардың белгілері», «Жарылғыш құрылғылар орнатылуы  мүмкін орындар», «Эвакуация туралы ақпарат келіп түскен жағдайда», «Адамдарды кепілге алған жағдайда», «Арнайы операция басталған жағдайда», ...

Әлеуметтік серіктестер